1977 жылғы 09 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Өркен ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Карьера
1996 - 1997 жылдары Аягөз қаласындағы №4 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Аягөз қаласы. 1997 - 1998 жылдары «Қуаныш» білім кешені мектеп-балабақшасы» мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Семей қаласы 1998 - 2002 жылдары №5 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Аягөз қаласы 2002 - 2005 жылдары Семей қазақ-түрік лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Семей қаласы 2006 - 2008 жылдары «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК-де мәдени ұйымдастырушы, Семей қаласы 2008 - 2013 жылдары Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Семей қаласы 03.2016 - 05.2016 «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің жанындағы аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері, Қ.Қайсенов ауылы. 05.2016 - 05.2016 «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не қарасты «Балалар шығармашылық үйі»-КМҚК директоры, Қ.Қайсенов ауылы. 2016 - 2017 жылдары «Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ-не қарасты «Балалар шығармашылық үйі»-КМҚК директоры, Қ.Қайсенов ауылы. 2018 - 2025 жылдары «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Семей қаласы 09.08.2025 - 09.10.2025 «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры. Курчатов қаласы. 09.10.2025 - 20.10.2025 Жалпы білім беретін мектеп «Шүлбі орта мектебі» қосымша білім беру педогогы 20.10.2025 қазіргі уақытқа дейін «Балалар – жасөспірімдер шығармашылық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.