Абай облысы ветеринария басқармасы биылғы жылдың I тоқсанында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Облыс бойынша 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев мәлімдеді.
Облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның 131 ветеринариялық пунктінде 646 ветеринариялық маман қызмет атқарады.
- Ағымдағы жылға арналған ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 10 аса қауіпті ауруға қарсы 8,163 млн манипуляция (екпе) жүргізу көзделген. Қазіргі таңда республикалық қордан 3,512 млн доза вакцина бөлініп, оның 2,029 млн дозасы егілді.Жыл басынан бері облыста жануарлар арасында бруцеллез, құтыру және қарасан ауруларының жекелеген ошақтары тіркелді. Бруцеллездің таралу деңгейі төмендегенімен, толық жойылған жоқ. Ал құтыру ауруының негізгі тасымалдаушылары – жабайы аңдар,- деді басқарма басшысы.
Аса қауіпті аурулар анықталған жағдайда қолданыстағы талаптарға сәйкес карантиндік және шектеу шаралары енгізіліп, індеттің таралуына жол бермеу мақсатында ветеринариялық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.Абай облысының ветеринария басқармасы және оған қарасты ұйымдар 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Есепті кезеңде ветеринария саласында қызмет жүргізуге лицензиялар берілмеген.
- Саланы цифрландыру аясында бірқатар жүйелер мен қосымшалар енгізілді: «VetLab», «ВСЭ», «Процессинг орталығы», «РЭО», сондай-ақ «Tort Tulik» және «VETMOBILE».«Tort Tulik» қосымшасы арқылы жануар иелері ветеринариялық қызметтерді онлайн алып, мал басын есепке ала алады. Қазіргі таңда жүйеде 25 011 пайдаланушы тіркелген,- деп атап өтті Ержан Барышев.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 31 наурызда өткен облыстық мәслихат сессиясында қаңғыбас жануарларды аулау шараларына қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес 10 864 қаңғыбас жануарды аулау, 435 жануарды уақытша ұстау, сәйкестендіру, вакцинациялау және стерилизациялау жұмыстарына қаражат бөлінді.
Абай облысының Ветеринария басқармасы өңірде эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі және жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында басқарма басшысы Ержан Муратбекович баяндады.
– Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорының мәліметтеріне сәйкес, облыс аумағында 781 987 бас ірі қара, 1 310 311 бас ұсақ мал, 4 281 бас шошқа, 406 529 бас жылқы және 567 бас түйе тіркелген. 2025 жылға арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, эпизоотиялық салауаттылықты сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың 11 аса қауіпті ауруына қарсы 7,5 миллионға жуық ветеринариялық манипуляция және 2 миллионнан астам диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған, – деді спикер.
Бруцеллезге қарсы тексеру барысында 1,9 миллионнан астам ауыл шаруашылығы жануары (ірі және ұсақ мал) зерттеліп, ауруға оң нәтиже бергендері санитарлық сойысқа жіберілді.
– Жыл басынан бері бруцеллездің 1 ошағы тіркеліп, толық сауықтырылды. Сондай-ақ, аса қауіпті аурулар бойынша 5 ошақ (2 – қарасан, 3 – құтыру) анықталып, олардың екеуі жойылды, қалғандарында сауықтыру шаралары жалғасуда. Өткен жылмен салыстырғанда бруцеллез және аса қауіпті аурулар саны айтарлықтай азайған – тиісінше 25 және 9 ошаққа кеміді, – деп атап өтті басқарма басшысы.
Ержан Муратбековичтың айтуынша, ақпараттық жүйелер бойынша «TortTulik» қосымшасына 11 891 пайдаланушы, «ВСЭ» модуліне 83 сою нысаны, ал «TANBA» жүйесіне 10 591 үй жануары тіркелген.
- Облыста 10 626 қаңғыбас жануар ауланып, олардың 435-іне («ОСВВ» бағдарламасы аясында) ветеринариялық шаралар жүргізілді. Ветеринариялық нысандардың техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 2026–2027 жылдары жаңа станциялар, пункттер мен мал қорымдарын салу жоспарлануда. Жалпы, өңірдегі эпизоотиялық ахуал тұрақты және басқарманың тұрақты бақылауында, - деп түйіндеді Ержан Муратбекович.
Тақырыбы: 2025 жылғы Жолдау аясында ветеринария саласын дамыту бағыттары
Кіріспе
Құрметті әріптестер, бүгінгі біздің талқылауымыздың тақырыбы — 2025 жылғы Қазақстан Республикасының Президент Жолдауында қойылған ветеринария саласына қатысты міндеттер мен басым бағыттар, солардың жүзеге асу мүмкіндіктері мен проблемалар. Ветеринария — ауыл шаруашылығының, мал шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі. Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ветеринария мен фитопатология саласының кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Жолдауда ветеринар мамандарының жалақысын арттыру жөні де қарастырылған.
Негізгі бөлім
Мүмкіндіктер
Кедергілер
Ветеринария саласын дамытудың 5–10 жылдық стратегиясын бекіту (заңнамалық, ғылыми, кадрлық).
Ветеринарлық жағдайларды, ауруларды жазбаға түсіретін цифрлық жүйе енгізу.
Ветеринар мамандарына біліктілікті арттыру курстары, өңірлерге кету үшін қолдау пакеті.
Жалақыны, гранттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды қаржыландыруды арттыру.
Отандық ветеринариялық жүйелерді халықаралық санитарлық және сауда талаптарына сәйкестендіру.
Қорытынды
2025 жылғы Жолдау ветеринария саласына ерекше мүмкіндік береді. Егер қойылған міндеттер жүйелі түрде жүзеге асырылып, ұсынылған шаралар орындалса, ветеринария саласы Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын, экспорт әлеуетін және жалпы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай күшейте алады.
Интернет алаяқтық – ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге пайда болған және қазіргі қоғамды алаңдатып отырған мәселе. Бұл құбылыс интернеттің кең таралуы, әлеуметтік желілер мен онлайн-сервистердің белсенді пайдаланылуымен тығыз байланысты. Алаяқтықтың түрлері әртүрлі, және олар күн сайын дамып, күрделеніп келеді.
Интернет алаяқтықтың түрлері
Фишинг
Фишинг – интернет алаяқтығының ең кең таралған түрі. Алаяқтар пайдаланушылардың жеке мәліметтерін, мысалы, логиндер мен парольдерді, банктік картаның нөмірлерін алу үшін жалған веб-сайттар мен электрондық хаттарды пайдаланады. Пайдаланушылар жиі таныс емес сілтемелерге басып, өз деректерін енгізеді.
Смс-алаяқтық
Смс-алаяқтық – алаяқтардың SMS хабарламалар жіберу арқылы адамдарды алдау әдісі. Хабарламада «сіздің шотыңыз бұғатталды» немесе «жеңімпаз болдыңыз» деген сияқты ақпараттар болуы мүмкін. Пайдаланушы сілтеме арқылы өтсе, алаяқтар оның жеке мәліметтерін ұрлауы мүмкін.
Онлайн-сауда алаяқтықтары
Онлайн-сауда алаяқтығы кезінде алаяқтар интернет-дүкендерде немесе аукциондарда жалған тауарларды сатады. Тұтынушылар тауарды сатып алғанда, олар ақша төлейді, бірақ тауарды алмайды немесе сапасыз өнім алады.
Инвестициялық алаяқтық
Инвестициялық алаяқтықта алаяқтар адамдарды жоғары кіріс уәделерімен тартуға тырысады. Олар инвестициялық схемаларды ұсынып, адамдардың қаржысын алып кетеді. Көп жағдайда бұл схемалар заңсыз және қайтарымсыз болып табылады.
Интернет алаяқтықтың кең таралуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, технологиялық даму интернеттегі ақпарат алмасуды жеңілдетті, бірақ бұл алаяқтарға да жаңа мүмкіндіктер берді. Екіншіден, көптеген адамдар интернет қауіпсіздігі туралы жеткілікті білімге ие емес, бұл оларды алаяқтардың құрбанына айналдырады. Үшіншіден, интернетте анонимдік қамтамасыз етілгендіктен, алаяқтар өз әрекеттерін жасыруға мүмкіндік алады.
2025 жылғы 15 қыркүйекте “Абай облысының ветеринария басқармасы” ММ басшысы Е.М. Барышев азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Облыстық ветеринариялық ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі – облыс аумағын ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларын жұқтырудан және таратудан қорғау, сондай-ақ эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 11 аса қауіпті ауруға қарсы вакцинация жүргізілуде. Атап айтқанда: сібір жарасы, аусыл, түйінді дерматит, құтыру, пастереллез, қарасан, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, листериоз, етқоректілердің эхинококкозы, туберкулез және жылқылардың маңқа ауруы.
Сондай-ақ диагностикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларынан бруцеллез, инфекциялық эпидидимит, хламидиоз, лейкемия, листериоз, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит және басқа да ауруларды анықтау үшін биологиялық (қан) сынамалар алынуда.
Аталған аурулар адам мен ауыл шаруашылығы жануарларына ортақ болып табылады және айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.
Жоғарыда аталған ветеринариялық іс-шаралар облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының пайда болуы мен таралуына жол бермеуге бағытталған. Олар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады.
Біздің азаматтық ойлауымыз сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көрінісіне кедергі келтіруі тиіс, өйткені егер біз қазір сыбайлас жемқорлықты қабылдайтын болсақ немесе оны қолдайтын болсақ, онда біздің балаларымыз бен Қазақстанның болашағы қандай болмақ?! Біздің әрқайсымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы ісіне өз үлесімізді қоса аламыз: жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерін қолдануға жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілі фактілері туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау саласында мемлекеттік қызметтерді ашық және қолжетімді түрде көрсететінін хабарлайды.