
Дөңгелек үстелге басқарма басшысы төрағалық етіп, басқарма қызметкерлері қатысты.
Онда келесі мәселелер талқыланды:
мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау;
ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру;
қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
әлеуметтік желілердегі мәдениетті қарым-қатынас деңгейін жоғарылату;
жеке тұлғаға қолсұғушылықтың алдын алу және оған қатысты құқықтық аспектілер.
Мемлекеттік қызметшілердің абыройына нұқсан келтіретін, қорлайтын пікірлердің таралуына жол бермеу және құқықтық тұрғыдан жедел әрекет ету қажеттігі ерекше назарға алынды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, қызметтік тәртіп пен корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жалғасын табатыны туралы шешім қабылданды.