Қаңғыбас және қараусыз қалған иттер топтасқан түрде қауіпті. 2-3 топтасқан итердің өзіде қауіп тудырады. Егер олар 4-5 немесе одан көп болса. Егер сіз қиындықтарға тап болғыңыз келмесе, мұндай топтасқан иттерден айналып өтіңіз. Дүрбелеңсіз дереу қауіп келетін аймақтан кетуге тырысыңыз. Алыстан жүгіріп келе жатқан топтасқан иттерді немесе итті көргенде, бағытыңызды асықпай өзгертуге тырысыңыз. Топтасқан иттердің өзара шиеленістері басталған уақытта сіз жақын жерде болып қалсаңыз, сізге қауіптің жоғарылауымен ерекшеленеді.
Егер сіз көгалдарда бірнеше иттердің жатқанын көрсеңіз, мұндай аумақты ешбір жағдайда кесіп өтпеңіз. Өйткені, иттер бұл көгалды өз аумағына кіретін заңды демалыс орны деп санайды. Мысалға: сіздің пәтеріңіздегі диван сияқты. Егер біреу сіздің үйіңізге кіріп, сіз демалатын жерден өтетін болса, сіз қалай әрекет етесіз. Иттерде шамамен қасынан адамнның өтуін осылайша қабылдайды.
Иттер қатты дыбыстарға өте сезімтал. Сондықтан сіз қатты қорқытатын дыбыс шығарып немесе қаттырақ сөйлей аласыз. Жағымсыз дыбыстар шығарып, қобалжуға болмайды, себебі иттер мұны әлсіздік ретінде қабылдайды.
Анықтама: Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, қараусыз қалған ғимараттарда, қала шетінде, саяжай массивтерінде және басқа жерлерде) жануарлардың қараусыз жүруі аулауға жатады. Жануарларды аулау қажет болған жағдайда Семей қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қызметіне – 63 00 04 немесе жазбаша өтінішті obl_vetsluzhba2025@mail.ru. электрондық поштаға жібере аласыз -
Абай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 8/44-VII шешімімен бекітілген Абай облысы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген, жауапкершілікке тартуды Ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Егер сізді ит тістеп алса?
Тістеген жерді сабынды сумен немесе дезинфекциялық ерітіндімен, мысалға 3% сутегінің асқын тотығымен жуыңыз.
Егер қанаған болса, дәкемен таңып қойыңыз.
Міндетті түрде ауруханаға барыңыз, жедел жәрдем шақырғаныңыз абзал.
Құтыруға қарсы вакцинацияланғанын білу үшін иттің иесін табыңыз. Егер иесі табылмаса, сіз құтыруға қарсы егу курсынан өтуіңіз керек. Қазіргі уақытта бұл ем-шара әлдеқайда жеңілірек, құтыру мен сіреспеге қарсы трапеция бұлшықетіне барлығы 6 инъекция салынады.
«Итпен кездескенде өзіңді қалай ұстау керек»
№1 ереже – Байланып тұрған итке қатты жақындамаңыз.
№2 ереже – Басқа адамдардың иттеріне қол тигізбеңіз және сипаламаңыз.
№3 ереже – Егер ит сізге қарай жүгірсе, қорықпаңыз немесе айқайламаңыз.
№4 ереже – Қашпаңыз. Тоқтаңыз. Ит қозғалған адамға жиі шабуыл жасайды.
№5 ереже – Итіңізді тамақпен мазақ етпеңіз.
№6 ереже – Иттен тамақ пен ойыншықтарды тартып алмаңыз.
№7 ереже – Күшіктеріне қол тигізбеңіз.
№8 ереже – Бейтаныс итке жақындамаңыз.
№9 ереже – Ұйықтап жатқан итке қол тигізбеңіз.
№10 ереже – Төбелесіп жатқан иттерді ажыратпаңыз.
№11 ереже – Қаңғыбас иттердің топтарына жақындамаңыз.
№12 ереже – Иттерді мазақ етпеңіз.
№13 ереже – Иттің сіздің қолыңызды тістеуіне жол бермеңіз.
№14 ереже – Шабуылдаушы иттің көзіне қарамаңыз.
«Егер сізге ит шабуыл жасаса»
№1 ереже – Бүйіріңбен тұрып, қатты дауыспен бірнеше пәрмен беріңіз (Фу!, Доғар!, Жат!)
№2 ереже – Кенеттен қозғалыс жасамай, иесін шақырыңыз (егер ол жақын жерде болса).
№3 ереже – Егер сізге көмектесетін ешкім болмаса, баяу қадамыңызды жылдамдатып, иттен алыстаңыз.
№4 ереже – Иттің көзіне қарамаңыз, бұл оны белсенді әрекеттерге итермелеуі мүмкін.
№5 ереже – Егер ит еңкейсе, ол секіруге дайындалады. Тамағыңызды қорғаңыз (иегіңізді кеудеге басып, шынтағыңызды алға шығарыңыз).
№6 ереже – Егер сізді ит тістеп алса, дереу ересек адамға және дәрігерге
хабарласыңыз.