Ветеринария саласына қатысты атқарылған іс-шаралар статистикасы

Бүгінгі таңда Абай облысы аумағында ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерек қорында тіркелген мал басы: ІҚМ – 831 421, МҰМ – 1 432 158, жылқы – 395 194, түйе – 491, шошқа  - 5 610 басты құрайды.

Облыс аумағында 2025 жылға арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың 11 аса қауіпті ауруларына қарсы 7,508 млн. манипуляция (екпе) жүргізу, сондай-ақ диагностикалық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2,044 млн. диагностикалық зерттеулер жүргізу көзделген.

Бүгінгі күнге жыл басынан республикалық қордан 3,902 млн. доза вакцина келіп түсті және вакцинация бойынша 3 199 750 (42,6%) манипуляция, сонымен қоса 1 026 142 (50,1%) диагностикалық зерттеу жүргізілді.

Соңғы үш жылда облыс аумағында құтыру, қарасан, пастереллез, листериоз, қатерлі ісік, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит және бруцеллез  сияқты аса қауіпті аурулардың 108 ошағы (2022 жылы - 48 ошақ, 2023 жылы - 20 ошақ және 2024 жылы - 40 ошақ) тіркелді.

Ағымдағы жылдың басынан аса қауіпті аурулар бойынша 2 қолайсыз пункт (1 - құтыру, 1 - бруцеллез) тіркелді. Қазіргі уақытта 1 қолайсыз пункт (1 - құтыру) сауықтырылды және бруцеллез бойынша 1 ошақта сауықтыру іс-шаралары жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 июля 2025