1.Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2. Облыс аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау жөніндегі құжаттаманы дайындау;
3. Осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешім қабылдау жөніндегі құжаттаманы дайындау;
4. Мүдделі тұлғаларға жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеуді ұйымдастыру;
6. Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу үшін құжаттар топтамасын дайындау;
7. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім енгізу бойынша жұмыстар жүргізу;
8. Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
9. Тиісті әкімшілікаумақтық бірліктің аумағында ветеринариялықсанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісуге және бекітуге енгізуге жиынтық уәкілетті органға ұсыну
10. Тиісті әкімшілікаумақтық бірліктің аумағында ветеринариялықсанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді үйлестіру;
11. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
12. Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды дайындау, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;
13. Эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларға тексеру жүргізу;
14. Эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
15. Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау талдау бекіту және уәкілетті органға ұсыну; 16. Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
17. Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
18. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту үшін құжаттама дайындау;
19. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру