1. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 11-бабына сәйкес

  1. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда ветеринариялық пункттерімен құрылады. Олардың міндеттеріне:

- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;

-ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;

- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;

- құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;

- жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;

- ветеринариялық анықтама беруді;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;

- биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;

- ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының негізінде ветеринариялық анықтама беріледі.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» бұйрығының негізінде «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
  4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде ветеринария саласымен айналысуға лицензия беріледі.

 

Дата публикации
24 февраля 2025