1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу.
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
4) "рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
5) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
10) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
11) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
13) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
1) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
2) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
3) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар;
4) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің өз функцияларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
1) басқармада, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің мүдделерін білдіреді;
2) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің барлық қызметкерлеріне міндетті нұсқаулар береді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің лауазымды адамдарын жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға қатысады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысына ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және басқарма басшысымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;