1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу.
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
1) Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдердің жобаларын қабылдау;
3) Осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан да көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдердің жобаларын қабылдау;
4) Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
5) Мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
6) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
7) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
8) Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
9) Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешімдердің жобасын әзірлеу;
10) Уәкілетті органмен келісім бойынша облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
11) Облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;
12) Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
13) Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
14) Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
15) Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
16) Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
18) Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
19) Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстардың және шешімдердің жобаларын әзірлеу;
20) Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;
21) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
22) Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларға қатысу;
1) ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
2) Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімінің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
3) өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар;
4) ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімі өз функцияларын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
1)басқармада, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімінің мүдделерін білдіреді;
2)ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімінің барлық қызметкерлеріне міндетті нұсқаулар береді;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімінің лауазымды адамдарын жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға қатысады;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысына ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5)ветеринариялық ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
6)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
7)ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8)Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және басқарма басшысымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
4.Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізілуін қамтамасыз ету бөлімі бөлімінің басшысы болмаған кезеңде басшысының өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.