«Абай облысының ветеринария басқармасы» мекемесінің мекемесінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әкімшілік – құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімі «Абай облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Әкімшілік – құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын, Басқарма туралы Ережені, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

 

  1. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Міндеті: Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысулардың жай-күйін, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын, мемлекеттік органдарға қажетті ақпараттың дұрыс ұсынылуын бақылау.

Функциялары: құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру;

1) белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарлары бойынша ашық лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражатты дұрыс және тиімді жұмсау, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;

2) мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекеменің басқа да қызметкерлеріне жалақыны, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша парақтарды, басқа да төлемдерді уақтылы есептеуді және мерзімінде төлеуді қамтамасыз етеді;

3) кассалық операцияларды уақтылы есепке алу және жүргізу;

4) қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде туындайтын есеп айырысуларды ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен уақтылы жүргізу;

5) ақша қаражатына, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және оларды есепте көрсету;

6) материалдық-жауапты тұлғаларға олардың жауапты сақтауындағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша нұсқама жүргізу;

7) есепке алу-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;

8) белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік, салықтық және басқа да есептілікті жасау және ұсыну болып табылады;

9) тиісті органдарға есептердің, әртүрлі ақпараттың уақтылы ұсынылуын бақылау;

10) қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп айырысуларды жасау және басқарма басшысымен келісу;

11) активтердің, арзан бағалы және тез тозатын заттар мен басқа да материалдық құндылықтардың олар сақталатын және пайдаланылатын жерлерде сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

12) жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу.

13) есеп және есептілік мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқаулықтарды, бөлімнің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі есепке алу;

14) есеп саясаты бойынша құжаттарды, есепке алу деректерін машинамен өңдеу бағдарламаларын, оларға есеп айырысуларды, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру.

15) кіріс құжаттардың, басқарма басшысының және жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету.

16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ өтініштердің орындалуын талдау және бақылау.

17) басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру.

18) Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау.

19) облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды және құқықтық сараптаманы жүзеге асыру.

20) Басқармада құқықтық жұмысты ұйымдастыру.

21) ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру.

22) Басқарма әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу.

23) басқармадағы нормашығармашылық қызметті талдау.

24) ҚР заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Құқықтары мен міндеттері:

1) осы Ережеде көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

3) Өз құзыреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.

4) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

5) ҚР заңнамасына, сондай-ақ ҚР Президентінің, облыс әкімдігінің, қаржы-экономикалық басқармасының актілеріне сәйкес жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

6) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

7) бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін басшылықтан және бөлімдерден қажетті құжаттарды сұратуға;

8) белгіленген талаптарды бұза отырып дайындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орындаушыларға пысықтауға қайтаруға міндетті;

9) ветеринария басқармасы қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға бөлімдердің мамандарын тарту;;

10) осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына бөлім басшысы жауап береді;

11) бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейі лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген;

12) осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына бөлім басшысы жауап береді.

13) бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейі лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген.

14) бөлімнің басшысы мен мамандары өздері ресімдейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

 

  1. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

 

1) бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

2) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

3) бөлім басшысы басқарма басшылығына бөлімнің штаттық кестесінің құрылымы бойынша ұсыныстар береді.

4) әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімі басшысының өкілеттігі:

– басқармада, мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп  бөлімінің мүддесін білдіреді;  

– әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің барлық қызметкерлеріне міндетті нұсқаулар береді;;

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің лауазымды тұлғаларын жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға қатысады;;

– басқарма басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді;

– әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;;

– ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

– Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және басқарма басшысымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5) әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

 

Дата публикации
25 ноября 2024