«Абай облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекеменің жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі «Абай облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын, Басқарма туралы Ережені, сондай-ақ басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

 

  1. Мемлекеттік органның негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Міндеті: Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысулардың жай-күйін, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын, мемлекеттік сатып алудың, іс жүргізудің дұрыс жүргізілуін бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпараттың дұрыс ұсынылуын бақылау.

Функциялары: құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру;

1) бөлім жұмыстарын уақтылы есепке алу және жүргізу;

2) есепке алу-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру;

3) тиісті органдарға есептердің, әртүрлі ақпараттың уақтылы ұсынылуын бақылау;

4) басқарманың мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін барлық қажетті материалдарды дайындау, мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді уақтылы және сапалы жасау және ұсыну;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

6) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру.

 7) Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу болып табылады.

8) есеп және есептілік мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бөлімнің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттарды жүйелендірілген есепке алу;;

9) есепке алу саясаты бойынша құжаттарды, есепке алу деректерін машинамен өңдеу бағдарламаларын, оларға есептерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру.

10) кіріс құжаттарының, басқарма басшысы мен жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ өтініштердің орындалуын талдау және бақылау.

12) басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, шарттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру.

13) басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

14) ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру.

15) барлық қажетті материалдарды дайындау, Басқарманың мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізу және сүйемелдеу.

16) әзірлеушісі басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу.

17) Басқармадағы норма шығармашылық қызметті талдау.

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Құқықтары мен міндеттері:

1) осы Ережеде көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

3) Өз құзыреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.

4) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

5) ҚР заңнамасына, сондай-ақ ҚР Президентінің, облыс әкімдігінің, қаржы-экономикалық басқармасының актілеріне сәйкес жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

6) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

7) бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін басшылықтан және бөлімдерден қажетті құжаттарды сұратуға;

8) белгіленген талаптарды бұза отырып дайындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орындаушыларға пысықтауға қайтаруға міндетті;

9) ветеринария басқармасы қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға бөлімдердің мамандарын тарту;;

10) осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына бөлім басшысы жауап береді;

11) бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейі лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген;

12) осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына бөлім басшысы жауап береді.

13) бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік деңгейі лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленген.

14) бөлімнің басшысы мен мамандары өздері ресімдейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

 

  1. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру

 

1) бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

2) бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

3) бөлім басшысы басқарма басшылығына бөлімнің штаттық кестесінің құрылымы бойынша ұсыныстар береді.

4) Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының өкілеттігі:

- басқармада, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің мүдделерін білдіреді; 

- Мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің лауазымды тұлғаларын жұмысқа қабылдауға және жұмыстан шығаруға қатысады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде басқарма басшысына ұсыныстар енгізеді;

- жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

- ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және басқарма басшысымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5) жоспарлау және Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

 

        

 

 

Дата публикации
25 ноября 2024