Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 05 қазандағы
№ 8/44-VII «Абай облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын:
2-тармағы келесі мазмұндағы 7) және 8) тармақшлармен толықтырылсын:
«7) иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ.»;
«8) үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау иесінің қатысуымен үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы.»;
8-тармағы келесі мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) үй жануарларының иесі немесе жауапты адамы осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің еркеше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбаны жүзеге асырады.»;
9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Қонақүйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі.
11-тармағы келесі мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) жануардан бас тарту оған басқа адам меншік құқығын иеленгенге дейін иесінің үй жануарына қатысты міндеттерін тоқтатуға әкеп соқпайды.»;
15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз серуендетуге рұқсат етілмейді.
Үй жануарларын серуендету кезінде иелері мен жауапты адамдар мынадай талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):
1) ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;
2) тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген орындарда кигізіледі;
3) магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарлары 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауға алынады;
4) иесі итті иесінің осы ғимараттың ішінде болған уақытына ғимараттың жанында ерікті түрде шешілуін болдырмайтын байламда және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен тұмылдырықта қалдыра алады;
5) иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауда итпен аумақты кесіп өтуіне болады;
6) иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі.
Иттерді серуендетуге тыйым салынатын орындар тиісті белгімен белгіленуге тиіс.
17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Елді мекен аумағында мыналарға:
1) иттердің еркін жүруі;
2) өздерінің мінез-құлқын ұстауға қауқарсыз, оның ішінде алкагольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас күйдегі адамдарға үй жануарларын серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте бірге болуға;
3) әкімшілікпен келісім бойынша спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдарын қоспағанда мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорт және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және серуендеуге арналмаған тыйым салу белгілері белгіленген аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;
4) адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, фонтандар мен су қабылдағыштарда үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.
17-тармағы мына мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«1) коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру ұйымдарының аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
Абай облысы мәслихатының
төрағасы К. Сулейменов