- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
-ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
- құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
- жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;
- ветеринариялық анықтама беруді;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
- биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
- ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
Ветеринариялық анықтаманы беру үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысы айқындаған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның маманы өтінішті және құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.
Ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер жануарды, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзіндіде бар жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ жүгіну сәтінде аумақтың эпизоотиялық ахуалын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау негізінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші немесе ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер қол қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді.