Законы

  1. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда ветеринариялық пункттерімен құрылады. Олардың міндеттеріне:

- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;

-ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;

- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;

- құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;

- жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды;

- ветеринариялық анықтама беруді;

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;

- биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;

- ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

 

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының негізінде ветеринариялық анықтама беріледі.

Ветеринариялық анықтаманы беру үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысы айқындаған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның маманы өтінішті және құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.

Ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер жануарды, жануардан алынатын өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда немесе одан алынған үзіндіде бар жануарлар туралы мәліметтер, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ жүгіну сәтінде аумақтың эпизоотиялық ахуалын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық ахуалын бағалау негізінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші немесе ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер қол қойылған және мөрмен куәландырылған ветеринариялық анықтаманы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

  1. Ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық дәрігер жүгіну сәтіндегі аумақтың эпизоотиялық ахуалын ескере отырып қол қойылған және мөрмен куәландырылған азыққа арналған ветеринариялық анықтаманы береді.
  2. Ветеринариялық анықтама жануарға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа беріледі және көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні ресімделеді.
  3. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер олар берілген, межелі пунктке келген кезде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, ветеринариялық анықтамалар берілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті межелі пунктке келген күннен бастап бір тәулік ішінде ББАЖ АЖ-ға енгізіледі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Бұйрығының негізінде АШЖБ ДҚ жұмыстар атқарылады.
Законы
Дата публикации
25 сентября 2024