
Жазғы ауа райының келуіне байланысты суға шомылуға, балық аулауға қолайлы кезең келді. Өзендер мен су айдындары да қауіпсіздік ережелерін сақтайтын шомылушыларды жақсы көреді, «сақтансаң сақтайды» демекші, шомылу қағидаларын ескерген абзал.
Сонымен: Үржар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі еске салады
-суда жүзе алсаңыз да жалғыз суға шомылуға болмайды;
-масыңқы күйде суға шомылуға түбегейлі тыйым салынады;
-суда «баттым» деп қалжыңдап ойнайтындарды қатаң жазалау қажет;
-белгіленген жағалық жолақтан асып шомылуға тыйым салынады;
-балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Шомылу кезінде міндетті түрде сәбилерге сақ болыңыздар. Олардың жағалаудан жырақтауына жол бермеңіздер. Бала жүзе алған жағдайда да қасынан табылған жөн. Суда балалардың аяғы тартылып қалған жағдайлар да болған.
Балалардың өз беттерінше, ересектердің қадағалауынсыз үрлемелі дөңгелектер, матрастармен шомылуына жол бермеңіздер. Біріншіден, оларды үнемі толқын алып кетеді, екіншіден, үрлемелі құралдарынан аударылып қалып, су түбінде бала жалғыз қалып қойған жағдайлар да орын алған.
Ауданның төтенше жағдайлар бөлімі демалыс орындарында, табиғат аясында төмендегідей қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:
-жаққан отты міндетті түрде сөндіру;
-шоғы толық сөнбеген темекі тұқылын қажетті жерге тастау;
-шыны ыдыс немесе шыны сынықтарын шашпау;
-демалыстан кейін өз қоқыстарын жинау.