
Дайын құжаттарды беру терезесі әр қаланың тек бір ХҚО-да жұмыс істейді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.
30 наурыздан бастап Өскемен қаласында дайын құжаттарды берудің бірыңғай терезесі тек Белинский 37а көшесінде орналасқан ХҚО жұмыс істейді. Бұл жерде өскемендіктер онлайн форматта ресімделген мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар.
Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.
Семей қаласының ХҚО-да, сондай-ақ барлық аудандарда дайын құжаттарды берудің тек бір ғана терезесі жұмыс істейді.
Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 400-ге жуық қызметкері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін төменнен немесе gov4c.kz сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, 21 наурызға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш тапсырған азаматтар дайын нәтижелерін 29 наурызға дейін алғаш жүгінген ХҚО-дан ала алады.
|
№ |
Наименование отдела |
Адрес |
|
1 |
Отдел №3 г. Усть-Каменогорск по обслуживанию населения |
г. Усть-Каменогрск |
|
2 |
Специализированный сектор г. Усть-Каменогорск по обслуживаню населения |
г. Усть-Каменогорск, пр. Абая 203/3 |
|
3 |
Отдел №1 г. Семей по обслуживанию населения |
г. Семей ул. 408-ой квартал 21 |
|
4 |
Специализированный отдел г. Семей по обслуживаню населения |
г.Семей |
|
5 |
Отдел Абайского района по обслуживанию населения |
с. Караул |
|
6 |
Отдел Аягозского района по обслуживанию |
г. Аягоз |
|
7 |
Отдел Бескарагайского района по обслуживанию |
с. Бескарагай |
|
8 |
Отдел Бородулихинского района по обслуживанию |
с. Бородулиха |
|
9 |
Отдел Глубоковского района по обслуживанию |
п. Глубокое |
|
10 |
Отдел Жарминского района по обслуживанию |
с. Калбатау |
|
11 |
Отдел Зайсанского района по обслуживанию |
г. Зайсан |
|
12 |
Отдел района Алтай по обслуживанию населения |
г. Алтай |
|
13 |
Отдел Катон-Карагайского района по обслуживанию |
с. Улкен Нарын |
|
14 |
Отдел Кокпектинского района по обслуживанию |
с. Кокпекты |
|
15 |
Отдел г.Курчатов по обслуживанию населения |
г. Курчатов |
|
16 |
Отдел Курчумского района по обслуживанию |
с. Курчум |
|
17 |
Отдел г.Риддер по обслуживанию населения филиала |
г. Риддер |
|
18 |
Отдел Тарбагатайского района по обслуживанию |
с. Аксуат |
|
19 |
Отдел Уланского района по обслуживанию населения |
п. Касым Кайсенова |
|
20 |
Отдел Урджарского района по обслуживанию |
с. Урджар |