Тәуелсіздігіне 30 жыл толған еліміздің қалыптасуы мен дамуы кемеңгер басшы, дара тұлға Елбасы, тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевпен тікелей байланысты. Елбасы халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Бүгінде мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз ілгерілеу мен өркендеу жолында нық қадам басып келеміз.
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, шекарамыз нығайып, тіліміз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды.
Еліміздің асқан асулары мен жеткен жетістіктері, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, халықаралық және өңірлік бастамалар, жаһандық жасампаз істердің барлығы Елбасы, тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясатының нәтижесі.
Үржар ауданы ежелден республикамызға, одақтас елдерге, алыс-жақын шетелдерге жақсы таныс. Олардың назарын өзіне аударған бір жағынан көкжиекпен ұштасып жатқан Тарбағатай тауының сілемдері, киелі Жайтөбе, Тоқта – Барлық таулары, алақандай тізіліп жатқан Алакөл, Жалаңашкөлдер, шипалы Барлық-Арасан жасыл желеңге бөленген алқабы, сұлу табиғаты бар Мақаншы, Таскескен, Үржар өлкелері болса, екінші жағынан адамзаттың даму сатысында, ғылым мен өнерде, қарапайым еңбекте айшықты өз іздерін, қолтаңбаларын қалдырған тұлғаларымыз, біртуар азаматтарымыз тұр.
Түпкі бабаларымызды айтпағанның өзінде Жоңғар шапқыншылығы кезінде елдік пен ерліктің үлгісін көрсетіп, жауына жасындай тиіп, қазақ сарбаздарының қолбасшысы, «Дарабоз» атанған, Хан батыр Қаракерей Қабанбай бабамыз, бабамыздың соңынан ерген осы өлкенің сайыпқырандары Шыңқожа, Ақтамберді, «Ту астында тулап өлген» Қазымбет, Бостан, Шөрек, Есентай-Бұқар батыр бабаларымыз қазіргі тұғырлы Тәуелсіздігіміздің бастауы болып, бұл әсем өлкені бізге аманат етіп қалдырды.
Биылғы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесін Үржар халқы да айтарлықтай жетістіктермен қарсы алып отыр. Ауданның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруын жыл сайын өркендеп келе жатқан шағын және орта бизнес саласы мен қарқынды дамып келе жатқан құрылыс саласынан байқауға болады.
Үржар ауданының негізгі бағыты ауылшаруашылығы. Малшыларымыз Тарбағатайдың төскейінде төрт түлік малды өрбітсе, диханшыларымыз етегінде жайқалтып егін өсіріп келеді. Қазіргі таңда ауылшаруашылық кластерін құру осы заманғы технологиялар мен инновацияларды өндіріске батыл енгізу жолындамыз. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз сәтті жүргізілуде.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері ауданымызда ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру еселеп өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1991 жылы 177,5 шаршы метр болса, биылғы жылы 15 295 шаршы метрді құрап, аталған сала 86 есеге артқан. Инвестиция көлемі 6,4 есеге көбейді. Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 500 шақырымнан астам жолға асфальт төселді. Әуе қатынастары қалпына келтіріліп, бүгінгі таңда Үржар әуежайының ұшып-қону жолағы заман талабына сай жаңғыртылуда. Әсіресе, Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік маңызды нысандарды салу ісі қарқынды жүргізіліп, заман талабына сай жаңадан 22 мектеп, 5 балабақша, 4 емдеу мекемесі, 4 спорт модуль, 2 стадион, 1 жүзу бассейні, 23 шағын футбол алаңдары салынып, 4 Мәдениет үйі, 15 ауылдық клубтар, 11 кітапхана қалпына келтіріліп, 2 музей пайдалануға берілді.
Тәуелсіздік жылдары ауданымыздың ауылшаруашылық құрылымдары жалпы құны 19 млрд. теңге болатын 2457 бірлік жаңа ауылшаруашылық техникаларын сатып алып, аудан әлеуетін көтеруде.
Аймақ басшысы Д.К.Ахметовтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бері шекаралық аудандарды дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, іске асырылып келеді. Бағдарлама аясында 2020-2024 жылдары аралығында 257 іс-шара жоспарланып, іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Елбасы, тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен және мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен атқарылған ауқымды жұмыстармен қатар, алда атқарар істер өте ауқымды. Алдымызда тұрған міндет - ауданның әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасы шеңберінде межеленген көрсеткіштерді орындау, бюджет қаражатын тиімді пайдалана отырып, бірінші кезекте орындалатын жұмыстарға бағыттау арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын толықтай қамтамасыз ету.
Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар арқылы аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту бағытында жүзеге асырылуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңындағы ауданымыздың негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің өсу қарқыны төмендегідей:
2021 жылға арналған нақтыланған аудан бюджеті 22 млрд. 399,9 млн. теңге, соның ішінде даму бюджеті 8 млрд. 390,3 млн.теңгені құрады.
Есепті кезеңде аудан бюджетінің ішкі табысы 1 млрд. 621,0 млн.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 254,6 млн. теңгеге немесе 118,6 % -ға өсті.
Аудан экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады. Есепті кезеңде 75 млрд. 429,0 млн.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 126,1 %-ға немесе 15 млрд. 617,1 млн.теңгеге артты.
Егілген егістіктің барлық көлемі 187 280 гектар, 2020 жылмен салыстырғанда 2 614 гектарға көбейді (101,4%).
Оның ішінде 62 775,8 гектар дәнді дақылдар, 71 869,6 гектар майлы дақылдар (оның ішінде күнбағыс 69 183,6, мақсары 1786 және соя 900 гектар), 2 340,9 гектар картоп, 1 791,2 көкөністер және 1 369,7 гектар бақша дақылдарын жинау көзделген.
Мал шаруашылығы саласында есепті кезенге аудан бойынша ірі қара саны 128 мың 83 бас (өсуі 103,8 % немесе 4 690 бас );
оның ішінде сауын сиырлар – 61 мың 992 бас (өсуі 105,5 % немесе 3 209 бас);
жылқы – 35 мың 119 бас (өсуі 107,3 % немесе 2 385 бас); қой мен ешкі – 240 мың 633 бас (100,1 % немесе 223 бас артық) және үй құстары 308 мың 445 (184 немесе 100,1 %).
Есептік кезенде 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндірілген
ет көлемі – 14 226,7 тоннаны құрап 4,0 % -ға немесе 552,4 тоннаға артты;
сауылған сүт – 80 571,4 тоннаны құрап 1 697,3 тоннаға немесе 2,2 %-ға көбейді.
Биылғы жылы түрлі мемлекет тарапынан қарастырылған бағдарламалар шеңберінде қаржылық институттары арқылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары 629,6 млн. теңгеге жеңілдетілген пайызбен несиелендірілді, оның ішінде:
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 3 жоба 156,9 млн. теңгеге қаржыландырылып 251 бас ірі қара малы көршілес Ресей мемлекетінен әкелінді. Мүйізді ұсақ мал басын сатып алу үшін 3 жоба 47,5 млн. теңгеге қаржыландырылып 888 бас қой сатылып әкелінді.
«Іскер» бағдарламасымен арқылы 2 жоба 14,2 млн. теңгеге, «Агробизнес» бағдарламасымен 1 жоба 15,0 млн. теңгеге қаржыландырылып, 137 бас ірі қара малы сатып алынды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 4 жоба 20,6 млн. теңгеге қаржыландырылып көктемгі егістік жұмыстарына қажетті жаңар-жағармай мен дақылдар тұқымын сатып алып пайдаланылды;
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 7 жоба 140 млн. теңгеге қаржыландырылып, облысымыздың басқа аудандарынан және аудан ішінен 269 бас ірі қара малы, 240 бас ұсақ мүйізді мал және 100 бас жылқы сатып әкелінді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»-ның 2 бағыты бойынша аудан бойынша 235,4 млн. теңгеге 64 жоба қаржыландырылып, 450 бас ірі қара малы мен 201 бас ұсақ мүйізді мал сатып әкелінді.
Өнеркәсіп. Өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 2 млрд. 848,4 млн.теңге, өсу қарқыны 113,7 %, оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1 млрд. 676,5 млн. теңге құрады.
Шағын бизнес. Есептік кезеңде, аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 4 997 бірлік
Оның ішінде:
2 512 шаруа қожалықтары;
2 321-і жеке кәсіпкерлер;
164 заңды тұлғалар.
(2020 жылы – 4 700 бірлік болған) өсу қарқыны 297 бірлікке артты.
Аудандағы экономикалық белсенді халықтың 16,0 % немесе 5 996 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Шағын кәсіпкерліктен түскен салықтың үлесі 49,3 % құрайды.
Туризмді дамыту мақсатында Алакөл көлі жағалауында үлкен жобалар іске асырылуда.
2020 жылы Алакөл көліне Мақаншы-Көктал бағыты арқылы жоғары кернеулі электр желісі тартылды.
Алакөл көлі жағалауы мен Үржар әуежайында туристерге арналған санитарлы-гигиеналық тораптары орнатылды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Алакөл көлінің жағасынан Қабанбай ауылына дейінгі аралығы абаттандырылып, жағалауға құтқару мұнаралары мен санитарлық гигиеналық тораптар орнатылды.
Үржар ауылындағы әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін заман талабына сай қызмет көрсететін болады.
Құрылысы 2020 жылы басталған Алакөл көлі жағалауында су құбыры жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
2021 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, полиция және фельдшерлік пункт құрылысы басталып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Алакөл жазғы демалыс аймағында биылғы маусымда демалушыларға 375 кәсіпкерлік нысан қызмет көрсетті.
Ағымдағы жылы Алакөл демалыс аймағында санитарлық талаптарды сақтау, «Ашық» жобасымен жұмыс істеуді бақылау үшін 10 мониторинг топ және санитарлық талапқа сай «Дайындық актісін» беруге 3 мобильді топ құрылып, тиісті жұмыстар атқарды.
Алакөл жазғы демалыс аймағында 156 демалыс үйі «Ашық» жобасымен жұмыс істеді.
Құрылыс саласында 2021 жылы сапалы таза сумен қамту бойынша 11 елді мекенде су құбырларын салу жұмыстары атқарылуда.
4 шағын ауылда (Бұғыбай, Қызылбұлақ, Благодатное, Қарабұйрат) блок модульді станциялар орнату жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қабанбай ауылындағы спорт модулі құрылысы басталып, жүргізілуде.
2021 жылы аудан көлемінде 10 331 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Үржар ауылында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.
Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың бастамасымен «Бір қабатты Шығыс» жобасы аясында жеке инвесторлар есебінен Үржар ауылында-22 Мақаншы ауылында-13, Таскескен ауылында-6, барлығы 41 үйдің (82 пәтер) құрылыстары жүргізілді.
Жол жөндеу, жарықтандыру.
Биылғы жылы «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 ауылда (Жоғарғы Егінсу, Келдімұрат, Қабанбай, Таскескен) 22,8 шақырым ауыл ішілік жолдар жөнделіп, 3 ауылда аяқталды. Таскескен ауылында 2022 жылы аяқталады. 2 ауылға (Жоғарғы Егінсу, Таскескен) көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Үржар ауылындағы 10 көшеге жарықтандыру жұмыстарына тиісті қаржы бөлінді.
Аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп төрт ауылда (Ақшоқы, Қарақол, Қаратал, Қарабұлақ) ауылішілік жолдар жөнделді. 8 ауылда (Ақжар, Қызылту, Жанай, Қарақол, Ақшоқы, Елтай, Қарабұлақ, Үржар) 14 көшеге электр жарығы тартылды.
Облыстық маңызы бар «Мақаншы-Жалаңашкөл» бағытындағы 20 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау» автокөлік жолының 90 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру.
Облыстық бюджет қаражат есебінен Үржар ауылындағы «Болашақ» саябағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Үржар ауылындағы балалар саябағына және 4 елді мекенде (Ер Қабанбай, Ақшоқы, Қабанбай, Қоныршәулі) абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
9 елді мекенде (Лайбулақ, Қаратұма, Елтай, Көкөзек, Қазымбет, Айтбай, Келдімұрат, Қарабұйрат, Барлықарасан) шағын футбол алаңдары орнатылады.
Білім саласы. Аудан бойынша 51 мектепте 12 337 оқушы және мектепалды даярлық тобында 1 246 бала білім алуда. 1 844 мұғалім қызмет атқарады.
Аудан бойынша 44 балабақшада – 1 605 бала, 45 мектептегі шағын орталықтарда - 2845 бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 1 - 6 жас бойынша 98,2%, 3 - 6 жас бойынша -100%.
Ағымдағы жылы Мақаншы ауылында 128 орынды балабақша қолданысқа берілді.
Аз қамтылған 3 463 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж 5 503 бала тегін мектеп формасы және аяқ киіммен қамтылды.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 мектепке облыстық бюджет есебінен ағымды жөндеу жұмыстары жасалды.
Оқушыларды тасымал мәселесін шешу үшін 5 автобус сатылып алынды (Төлеубекова, Жанай, Қарақол, Найманбай және Алтыншоқы орта мектептері).
Әлеуметтік сала.
Есепті кезеңге 961 отбасына (4 942 адамға) 314,1 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
121 аз қамтылған отбасы (321 адамға) 4,2 млн.теңге көлемінде тұрғын үй көмегі және табыстары күнкөріс деңгейіне жетпейтін 137 адамға материалдық көмек ретінде 5,4 млн.теңге төленді.
Жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 1691 оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 879 және уақытша маусымдық жұмыс орындары – 812.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан
565 адам қоғамдық жұмысқа;
27 адам жастар практикасына;
24 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
71 адамға қайтарымсыз гранттар берілді.
64 адамға шағын несие берілді.
Мәдениет саласында. Ауданда 4 мәдениет үйі, 15 ауылдық клубтар және Үржар ауылындағы балалар мен жасөспірімдер театры халыққа рухани қызмет көрсетеді.
Биылғы жылы Салқынбел ауылдық клубын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көктерек мәдениет үйі ғимаратын сатып алуға қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Денсаулық сақтау. Аудан тұрғындарына 1 орталық аурухана,1 ауданаралық аурухана, 25 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік акушерлік пункттер, 22 медициналық пунктер қызмет көрсетеді.
Есепті кезеңде 1 000 тұрғынға шаққанда бала туу көрсеткіші 14,7 % 2020 жылмен салыстырғанда 2,0 % өсті.
1 000 тұрғынға шаққанда сәби өлімі 8,2 % 2020 жылмен салыстырғанда 1,0 %-ға кеміді.
Әлемдік пандемия жағдайында біздің ауданымызда да індеттің алдын-алу және тұрғындардың денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Індетпен күрестің 1 жыл кезеңінде ауданның медицина саласына мемлекет тарапынан және облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тарапынан ауқымды көмектер көрсетілді. Атап айтқанда:
1) Аудандық ауруханаға компьютерлік тамография модулі;
2) Оттегі станциясы;
3) ПЦР зертханасы орнатылды;
4) 5 санитарлық автокөлік берілді.
Облыстық «Парыз» қайырымдылық қоры есебінен 32,5 млн теңге қаржы бөлініп, аудандық орталық аурухананың инфекция бөлімінің алдына дәрігерлерге арналған модульді стационар орнатылып, төсек орын мен жабдықтар алынды.
№2 Мақаншы ауданаралық ауруханасында:
1) Бұрынғы бос тұрған туберкулез ауруханасын инфекциялық ауруханаға ауыстырып, жөндеу жұмыстары жүргізілді, жасанды демалу аппараты алынып, оттегі жүйесі орнатылды.
Аудандық орталық аурухананың және Қабанбай ауылдық ауруханасының ауласына асфальт жамылғысы төселді.
Бақты ауылдық дәрігерлік амбулаторясының негізінде 60 орындық провизорлық стационар ашылды.
Елімізді бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену туралы Елбасы, тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы және мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сабақтастығымен біздің әрқайсымыздан жалынды жігер мен батыл әрекетті талап етеді. Әрбіріміз өз ісімізді кәсіби тұрғыда жетік білумен ғана шектелмей, қарапайым халықтың жоқ жітігін, мұң-мұқтажын түгендеп, сынға түсер сәтте сырттан қызықтамай, толайым табыстарды өз қолымызбен жасайық. Сонда ғана тәуелсіз еліміздің нәсібін еселеуде қосар үлесіміздің салмағы арта түсері сөзсіз.
Үржар ауданының әкімі Н.Тоқсеитов