15 наурызда жалпы республикалық референдум өтеді.
Абай облысы бойынша «109» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Аталған Call-орталық арқылы референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірі туралы ақпарат алуға болады. Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталық демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Telegram-bot арқылы сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді (https://t.me/vote_abai_bot). Аталған қызметті пайдалану үшін Telegram мессенджерінде тіркелген аккаунттыңыз болуы қажет.
Үржар ауданы әкімдігінде 8 (72230) 3-44-51 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді. Call-орталықтың жұмыс уақыты – демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.