27 қаңтар 2026 жылы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мен №432 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Әділ сайлау-жарқын болашақ" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты- жас ұрпаққа сайлау ұғымын түсіндіру, демократиялық құндылықтарды насихаттау және тәуелсіздік принциптері негізінде азаматтық сана қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар:
-сайлаудың мәні мен маңызы;
-әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері;
-әділ, ашық және заңды сайлаудың қоғам үшін рөлі;
-жастардың ел болашағындағы жауапкершілігі туралы мағлұмат алды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, сұрақ-жауап, пікірталас және топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын дәлелдей білді.