Меню

Страницы

Статья

Абай облысының Үржар ауданында мектепке дейінгі ұйымдар

Абай облысының Үржар ауданында мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жас аралығындағы балалардың жалпы саны-2185 бала, 94 % құрайды. Оның ішінде 1036 бала –балабақшаларда, 205 бала – толық күнді шағын орталықта, 330 бала –қысқа мерзімді шағын орталықтарда, 614 бала – мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиеленуде.

Үржар ауданында 5 балабақша жұмыс жасайды.Оның 3 мемлекеттік,
2 жекеменшік балабақша.

“Балауса” балабақшасы КМҚК 90 бала тәрбиеленуде.“Ер Төстік” балабақшасы КМҚК 140 бала. “Балбөбек” балабақшасы КМҚК 75 бала. “Талшын” жекеменшік балабақшасында 25 бала тәрбиеленуде.

ТОО “Qazaq kids” ЖШС “Асылым” жекеменшік балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде.

Үржар ауданы бойынша «INDIGO» порталы 2025 жылдың сәуір айынан бастап іске қосылған. Баланы кезекке тіркеу, өтініш беру және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу тікелей осы сайт арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 537 бала INDIGO электрондық жүйесінде балабақша кезегінде тұр.

Сілтеме: https://indigo-urzhar.e-orda.kz/ru

Нұсқаулықтар:

Кезексіз берілетін жеңілдіктер келесі санаттағы балаларға ұсынылады:

Әскери қызметшілердің балалары, оның ішінде қызмет өткеру барысында қаза

Арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары, оның ішінде қызмет өткеру барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары, оның ішінде қызмет өткеру барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары.

Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің балалары, оның ішінде қызмет өткеру барысында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары.

Бірінші кезектегі жеңілдіктер келесі санаттағы балаларға ұсынылады:

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

Заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Жетім балалар.

Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар.

Мүгедек баласы бар отбасылардың балалары.

Заңды өкілдері педагог болып табылатын балалар.

Заңды өкілдері медицина қызметкерлері болып табылатын балалар.

Дата публикации
22 ноября 2025
Дата обновления
22 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Мақалалар
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы