2025 жылы Үржар ауданында төтенше жағдайларды алдын алу және атқарылған жұмыстар бойынша
АНЫҚТАМА
Үржар ауданы бойынша көктемгі су тасқынын қауіпін алдын алу мақсатында 16 ауылдық округтердің жергілікті әкімшілік халықпен ұйымдастырып ауылдағы арықтарды, каналдарды, көпірлерді тазалау іс-шараларын өткізіліп, дайындық жұмыстары даярланды.
2025 жылы 2026 жылғы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауданда келесі жұмыстар жүргізілді:
1) Ақжар мен Қарамойыл арасын қосып тұрған жергілікті маңызы бар жолдың қосымша су өткізгіші қойылып және су арнасын қазу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
2) Алтыншоқы ауылдық округіне қарасты Айтбай мен Лайбұлақ ауылдарында су тасқынының алдын алу мақсатында солтүстік батыс жағынан су арналарын қазу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
3) Көкөзек ауылының солтүстік-шығыс жағында бөгет «Дамба» салу жұмыстарын жүргізілді.
4) Үржар ауылының 10 көшелерінде су тасқынының алдын алу мақсатында айналма арықтар қазу, су өткізгіштер орнату, арықтардын арнасын тазарту, тереңдету жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың көктем кезеңіне арналған су тасқынын алдын алу іс-шаралар жоспары және комиссия құрамы аудан әкімдігінің 2025 жылы 30 қаңтарда №28 қаулысымен бекітілді.
Аудан бойынша 15 көпір, 159 су өткізгіш құбырлары бар, онын ішінде:
Республикалық маңызы бар "Таскескен-Бақты" автомобиль жолында 6 көпір мен 66 су өткізу құбыры орналасқан,
сондай-ақ республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автомобиль жолында 1 көпір мен 52 су өткізу құбыры бар.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 8 көпір мен 41 су өткізу құбыры орналасқан.
Күз мезгілінде қоқыстан және өсіп кеткен шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аудан аумағында РМК«Казсушар» мекемесінің қарамағында 5 су тарату өрабы , 16 магистралдық каналдар, 2 су қоймасы бар.
Үржар ауданы бойынша 1 427 000 гектар жер көлемі бар. «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк мекемесіне қарасты 58 090 гектар құрайды. Оның ішінде орманмен көмкерілген 7 626 гектар.
2025 жылы дала өрттерінің алдын алу бойынша:
Елді мекендерді өрттен қорғау және жою үшін Үржар ауданында № 10 өрт сөндіру бөлімі орналасқан. Аталған өрт сөндіру бөлімінде жеке құрам -35 адам, өрт сөндіру көлігі – 4 бірлік, отқаққыш (хлопушка) – 28 дана және 34 дана ранцевый қол өрт сөндіргішпен жабдықталған. Табиғи өрттерді сөндіру үшін шекаралас Аягөз, Мақаншы аудандарымен және МҰТП «Тарбағатай» мекемесімен әрекеттесу жоспарлары жасалған. Аудан бойынша 8 ауылдық округте (Қарақол, Қоңыршәулі, Алтыншоқы, Салқынбел, Егінсу, Елтай, Барқытбел, Көлденең) өрт бекеттері орналасқан, 8 бірлік сөндіру техникаларымен жабдықталған.
2024 жылы 36 дана ранцевый қол өрт сөндіргіші және 2 дана аспалы ауа үрлегіш құралы сатылып алынды.
Сонымен қатар әр ауылдық округтердегі техникалары бар шаруа қожалықтарымен ерікті өрт сөндірушілер жасақтарын қайта құру, жұмылдырылатын техникалар тізімін жасау немесе пысықтау, әр ауылдық округкке 20 данадан отқаққыш (хлопушка) әзірлеуді, сонымен қатар дала жанулары бойынша ғарыштық мониторинг түскен жағдайда өрттердің кең таралуына жол бермеу мақсатында шұғыл әрекет етуді барлық ауылдық округ әкімдеріне тапсырылды.
Жергілікті бюджеттен дала өрттері мен тұтануларды сөндіру үшін қолданылатын техникаларға 13 тонна бензин, 22 тонна дизель жанар-жағармай қоры бар.
2024 жылға өртке қарсы тірек бекеттерін күтіп ұстауға 14 302,0 тенге қаражат бөлінді.
Онын ішінде.
- еңбек ақы қоры – 11 635,0 тенге;
- ЖЖМ – 824,0 тенге;
- қосалқы саймандарға – 1843,0 тенге
|
|
Ауылдық округінің атауы |
Еңбек ақы қоры |
ЖЖМ |
Қосалқы саймандарға |
|
1 |
Егінсу |
1 527,0 |
103,0 |
50,0 |
|
2 |
Салқынбел |
1 444,0 |
103,0 |
50,0 |
|
3 |
Барқытбел |
1 444,0 |
103,0 |
50,0 |
|
4 |
Алтыншоқы |
1 444,0 |
103,0 |
50,0 |
|
5 |
Елтай |
1 444,0 |
103,0 |
50,0 |
|
6 |
Қоныршәулі |
2 971,0 |
206,0 |
50,0 |
|
7 |
Қарақол |
1 444,0 |
103,0 |
1543,0 |
|
8 |
Көлденен |
1 444,0 |
103,0 |
50,0 |
Жалпы жергілікті атқарушы орган өртке қарсы қызмет мекемелерімен және орман шаруашылығымен бірлесіп жұмыс жасайды. Барлық 16 ауылдық округтерде ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылып, жоспары жасалынған. Жанар-жағар май қоры құрылған.
Ауылдық округ әкімдеріне және шаруа қожалықтарына, жер пайдаланушыларға төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп ақпарат-ұсыныстар берілді.
2024 жылдың аудан аумағын орман және дала өрттерінің алдын алу, қорғауды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспары аудан әкімдігінің 2025 жылы 5 сәуірінде №112 қаулысымен бекітілді.