Меню

Страницы

Статья

Құрылыс

2018 жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9 977 млн. теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 2 375,0 млн.теңгеге артық, оның ішінде негізгі капиталға жеке инвестициялар көлемі 6 150,0 млн. теңге. 1 527,5 млн. теңгеге ұлғаюмен.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6 500,0 млн.теңгеге орындалды, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 35,1% - ға немесе 1 689,2 млн. теңгеге ұлғаю күтілуде.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 7400 шаршы метрді құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2% - ға немесе 298 шаршы метрге көбейеді.

Биылғы жылы республикалық және облыстық бюджеттен 1717,6 млн. теңге қарастырылған Қарабұта, Мақаншы, Қаратұм, Сегізбай ауылдарындағы су құбырын қайта құру және Шолпан ауылындағы су құбырын салу толығымен игерілді,соның ішінде Қарабұта ауылындағы су құбырын қайта құру толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Мақаншы ауылында 320 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Үржар ауылында жүзу бассейнінің құрылысына және сағат ауылында су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, салалық басқармаларға өтінімдер берілді. Есеп беру күні Үржар ауылында 3-кезектегі су құбырын қайта жаңарту және Бестерек, Көктал ауылдарында су құбырын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша ведомстволық сараптамадан тыс алынды. ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінімдер берілді.

Елбасының "Бес институционалдық реформа" Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Үржар ауылында 30 пәтерлі үйдің құрылысы бойынша жоба құны 280,9 млн.теңгеге жобалық сметалық құжаттама әзірленді.

2018 жылы облыстық бюджет есебінен Қабанбай, Ақжар, Жоңғар Егінсу, Елтай ауылдарындағы су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге 36,9 млн.теңге бөлінді, аудандық бюджет есебінен Барқытбел ауылындағы су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге және Лайбұлақ ауылындағы су құбырын қайта құруға 18,0 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, Үржар ауылындағы тұрғын үйлерге инженерлік желілерді (жолдар,электр беру желілері) жүргізуге аудандық бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлінді. қазіргі уақытта ЖСҚ сараптамаға беру сатысында. 2018 жылы облыстық бюджет есебінен Үржар ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 9,5 млн. теңге бөлінді. Жобаның құны 713,5 млн. теңге. 60 және 30 пәтерлік тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерін жүргізудің жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 5,5 млн.теңге бөлінді, ЖСҚ сараптамадан өтуде. Сонымен қатар, Мақаншы мектебінің бұрынғы ғимаратын балабақша етіп қайта жаңартуға жобалық сметалық құжаттама әзірленуде.

Аудан тұрғындарының орталық сумен қамтылу үлесі 48,1 пайызды құрады немесе бұл 36,5 мың адам.

Дата публикации
29 декабря 2019
Дата обновления
21 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Сайлау
15 сентября 2026
Үржар ауданының Науалы және Егінсу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы - 27 қыркүйек 2026ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы