Ауданымыз бойынша барлығы 493,4 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде:
- Республикалық – 210 шақырым;
- Жергілікті маңызы бар – 283,4 шақырым.
- Елдімекен көшелерінің ұзындығы – 422,1 км
Елді мекен көшелері:
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасымен жасалған жұмыстар:
Ауданның 5 елді-мекенінде (Үржар, Көкөзек, Қазымбет, Ер Қабанбай, Қарамойыл) ауыл ішілік көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 40,5 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.
Аудандық маңызы бар жолдар:
Жоғарғы Егінсу ауылына кіреберіс 0-3,5 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге 221,3 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.
Ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 56,6 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үржар ауданы бойынша 13 ауылға (Үржар, Ақжар, Науалы, Көлденең, Елтай, Егінсу, Жанай, Жаңа тілек, Барқытбел, Батпақты, Некрасовка, Благодатное, Бестерек) жол белгілерін орнату жұмыстарына 17,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толықтай аяқталды.