Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік сала

Аудан әкімдігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды әлеуметтік қорғау болып табылады. Есепті кезеңде 300 жұмыссыз ресми түрде тіркелді. 2018 жылдың басынан 3023 адам жұмысқа орналастырылды, 888 жаңа жұмыс орны құрылды, 505 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. "Жастар тәжірибесі" бойынша жұмысқа 42 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 28 адам жіберілді. Осының барлығы халықтың өмір сүру деңгейінің артуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы куәландырады.

Аз қамтылған отбасыларының түлектеріне, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға облыстың жоғары білім беру мекемелерінде оқуға 9 студентке 5085,0 мың теңге төленді.

Есепті жылы 682 отбасының 3366 мүшесіне 138 402,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек және 220 отбасына 5 950,0 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі 2352 адам, оның ішінде 177 адам еңбекке жарамды. Жыл басынан бері мүмкіндіктері шектеулі 64 адам жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылды. Оның ішінде 19 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды, 1 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналастырылды, 4 адам кәсіптік оқуға жіберілді, 38 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыды.

Ауданда зейнеткерлік жастағы 10 893 адам тұрады және жеңілдіктердің басқа түрлерін алушылар 8721 адамды құрайды.

2018 жылы емдеу-сауықтыру шипажайларында емделуге 87 мүгедек өтініш түсті. Оның ішінде: 70 мүмкіндігі шектеулі адам "Мойылды", "Спутник", "Қарағайлы" шипажайларына жеке емдеу бағдарламасы бойынша емделуге жіберілді. Сонымен қатар, 180 еңбек ардагері Алакөл көлінің жағалауында демалды.

2018 жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға 61 328,0 мың теңге қарастырылған. 2018 жылғы қыркүйек-қазанда комиссия отырысы өткізілді және құжаттар қаралды. 15 жас маманға 2525,3 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оның ішінде: білім саласында-3 маман, денсаулық сақтау саласында-12 маман. 18 жас маманға тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 61 327,5 мың теңгеге бюджеттік кредит берілді, оның ішінде: білім беру саласында – 5 маманға, денсаулық сақтау саласында – 10 маманға, мәдениет саласында – 2 маманға, спорт саласында – 1 маманға.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңы.

«Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына  өзгерістер енгізу туралы

Дата публикации
29 декабря 2019
Дата обновления
21 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Сайлау
15 сентября 2026
Үржар ауданының Науалы және Егінсу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы - 27 қыркүйек 2026ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы