2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған «Республикалық референдумды тиімді дайындау және өткізу» тақырыбында 2024 жылдың 21-22 қыркүйегінде Үржар ауданының 43 учаскелік референдум комиссиясының төраға, төраға орынбасары және хатшылары каскадты оқыту тәртібімен учаскелік референдум комиссия мүшелеріне оқыту өткізді (жиыны 172 референдум комиссия мүшесі). Оқыту барысында референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі тақырыптар, ұйымдастырушылық- құқықтық мәселелері, оқыту әдістемесі, БАҚ өкілдері мен байқаушылармен жұмыстарды талқылап, практикалық дағдыларды дамыту барысында рөлдік ойындар мен кейстермен жұмыстар жүргізілді. Учаскелік референдум комиссиялары тараптарынан қойылған өзекті мәслелер мен сұрақтарға оңтайлы жауаптар берілді.