Ақпан айының бірінші бейсенбісі - дүниежүзілік сайлау күні. Осыған орай Абай облыстық сайлау комиссиясының бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Еркін Кәрімовтың басшылығымен ,,Жастар және сайлау. Болашаққа жауапкершілік,, тақырыбында Таскескен ауылындағы колледж студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А.Қожаев Қарақол, Шолпан және Таскескен ауылының учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі және ауданымызда биылғы жылға жоспарланған сайлау жұмыстары жөнінде ақпараттар және студент-жастар тарапынан берілген сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Аталған іс-шаралар және оқыту семинар жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады.