Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік сала.

Үржар ауданында 2025 жылдың 1 қаңтарына–1610 көп балалы отбасы бар, оның ішінде «Алтын алқа», Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталғандары–699, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар саны – 911.

Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 2024 жылы 437 отбасына (2379 адам, оның ішінде 218 көп балалы жанұядан 1475 адам, 1013 бала және 219 аз қамтылған жанұяларға – 904 адам, 509 бала) 215437,5 мың теңгеге мемлекеттік атаулы көмек тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалумен 1 жас пен толық 6 жас аралығындағы әр балаларға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш (5538 теңге) көлемінде қосымша көмек беру де қарастырылған. Ағымдағы кезеңге 349 отбасына (2065 адам, оның ішінде 646 балалар) 26338,7 мың теңгеге аталған көмек тағайындалды.
Табыстары күнкөріс деңгейіне жетпейтін 482 жанұяға материалдық көмек ретінде 22310,3 мың теңге төленді.

Халықаралық 8 наурыз мерекесіне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 1610 аналарға 15,0 мың теңгеден, жалпы соммасы 24150,0 мың теңге біржолғы материалдық көмек төленді.

Ағымдағы жылы 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында 86 ҰОС тыл ардагерлеріне, барлығы 6730,0 мың теңге әлеуметтік төлем көрсетілді (оның ішінде орден, медальдармен марапатталған 1 адамға 150,0 мың теңге, қаза тапқан жауангерлердің жұбайлары – 7 адамға 150,0 мың теңгеден және тыл еңбеккерлері 78 адамға 70,0 мың теңгеден).

ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысқан 19 адамға 150,0 мың теңгеден (2850,0 мың теңге), ауған соғысының ардагерлері 42 адамға 200,0 мың теңгеден (8400,0 мың теңге), тәжік-ауған соғысының ардагерлері 25 адамға 150,0 мың теңгеден (3750,0 мың теңге), таулы Қарабах арадагерлері 6 адамға 150,0 мың теңгеден (900,0 мың теңге) төлем төленді.

Ауданда ересек 1265 мүгедектігі бар адамдардар бар, оның ішінде 1 топ – 135 адам, 2 топ – 551 адам, 3 топ – 579 адам және он сегіз жасқа дейінгі 197 бала жасынан мүгедектігі бар балалар бар. 30 тамыз Конституция күні қарсаңында 135 бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға (2025,0 мың теңге) және 18 жасқа дейін мүгедектігі бар 197 балаларға 15,0 мыңнан (2955,0 мың теңге) әлеуметтік төлем төленді.

Бірінші топтағы мүгедек адамға жеке көмекші қызметін атқаратын 14 адамға 2024 жылдың басынан 24545,1 мың теңге еңбекақы төленді.
2024 жылға Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламаларды үйлестіру басқармасының бекіткен жоспары бойынша Үржар ауданында 13 әкімшілік нысанды бейімдеу жоспарланды. 1 қарашаға 100 % нысан бейімделді, мәліметтері «Inva.gov» енгізілді.

Жаңадан құрылған жұмыс орындарының саны – 1950, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары–1262 («10 мың еңбекке қабілетті халыққа 100 жұмыс орны» бағдарламасымен–721 адам, бос жұмыс орындарына–505 адам, мемлекеттік грант алғандар–26 адам және Ұлттық және аймақтық жобаларға–10 адам) және уақытша жұмыс орындары–688 (ақылы қоғамдық жұмыстар–323, жастар практикасы–53, әлеуметтік жұмыс орындары–23, «Күміс жас» бағдарламасы–68, бірінші жұмыс орны–18, ұрапқтар келісімі–1 адам, Ұлттық және аймақтық жобаларға–202 адам).

Дата публикации
28 сентября 2023
Дата обновления
28 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Сайлау
15 сентября 2026
Үржар ауданының Науалы және Егінсу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы - 27 қыркүйек 2026ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы