2026 жылы ауданда кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.
Кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдетілген несие беру жүзеге асырылуда.
«Кең Дала – 2» бағдарламасы шеңберінде Үржар ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында 1,9 млрд теңге көлемінде несие қаражаты бағытталды.
«Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде соңғы екі жылда ауданда 1,9 млрд теңге жалпы сомасына 121 жоба қаржыландырылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 1 млрд теңге жалпы сомасына 29 жоба қаржыландырылды.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған бағдарлама шеңберінде ауданда жалпы сомасы 583,7 млн теңгені құрайтын 109 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама ауыл кәсіпкерлігін, мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Ауданда кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларына тарту, жеңілдетілген несиелендірудің қолжетімділігін кеңейту және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда.