Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы

2025 жылдың 9 айында Үржар ауданының  ауыл шаруашылығы саласының көресткіштері

Туралы

 

         Ағымдағы жылдың 1-ші қазан айына аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтар саны 1822 (оның ішінде егін шаруашылығымен 905, мал шаруашылығымен 152, аралас шаруашылықтар 221, басқа бағыт бойынша 544 ) , заңды тұлғалар 46 бірлікті құрайды. 

         Аудан бойынша тіркелген ауыл шаруашылығы жерлер көлемі: егістік – 121 704 га, жайылым – 368 712 га, шабындық – 18 946 га.

         2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 44 млрд. 154,5 млн. теңге, нақты көлем индексі 109,4 %.

         Ауыл шаруашылығы саласында тартылған инвестиция көлемі  9 504,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 2,2 есеге артық орындалды.

          «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы  арқылы биылғы жылдың 9 айында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына арналған «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 949,1 млн.теңгеге 65 жоба қаржыландырылды және  «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 177,9 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды.

2025 жылдың басынан  «Бірыңғай кешенді даму жоспар» бағдарламасы аясында 420,6 млн.теңгеге 7 жоба субсидияландырылды.

(Анықтама ретінде: туризм мен ауыл шаруашылығы салаларын  дамыту,  көлік  және жүк  көлігі қызметін   дамытуға, бөлшек сауда айналымы қаражатын толтыруғажәне  наубайхана қызметін  кеңейтуге  бағытталған жобалар).

2025 жыл басынан бері «Жеңілдетілген лизинг» (5%) бағдарламасы арқылы және меншік қаражат есебінен жалпы құны 1 256,3 млн. теңгеге 104 бірлік (60 қожалық)  ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды.

Егін шаруашылығы

        2025 жылы егілген барлық егістік көлемі  113 011,6 га құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 2080,7 га артық, яғни 101,9% артты.

        Егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша ағымдағы жылы дәнді дақылдар алқабы 4310 га азайтылып, майлы дақылдар алқабы 5168 га ұлғайды.

(Ақпарат ретінде: дәнді дақылдар 30 985,1 га (үлесі 27,4%); майлы дақылдар барлығы 50 151 га (44,4%),        соның ішінде күнбағыс – 49 504,4 га (43,8%); мал азықтық дақылдар 28 827,4 га (25,5%); картоп 539,4 га (0,5%); көкөніс және бақша 2 508,7 га (2,2%).

Күзгі дала жұмыстарына «GosAgro.kz» сайты арқылы 2619 тонна дизель отынына өтілімдер беріліп, дизель отынын 2 оператор («PetroRetail» ЖШС, «RV – Oil&Gas» ЖШС) тасымалдауда. Есепті күнге 636 тонна тасымалданып, шаруа қожалықтарына 1 литрі 265 теңгеден немесе нарықтық бағадан 20% төмен босатылуда (Көктемгі дала жұмыстарына 3 563,2 тоннаға өтілім беріліп, оның 1151 тоннасы тасымалданды).

Дизель отынын 2 оператор тасымалдауда, олар «PetroRetail» ЖШС және «RV – Oil&Gas» ЖШС.

Егістікте жоғары өнім алу мақсатында шаруашылықтармен суды үнемдеу технологиясы кенінен қолдануда. Бүгінгі күні аталған тәсілмен 2611 га, оның ішінде жаңбырлатқыш қондырғылары арқылы 2380 га және тамшылатып суару тәсілімен 231 га игерілуде. Жалпы, 2028 жылға дейін суды үнемдеу технологиясы бойынша игерілетін жер көлемін 1,7 есеге немесе 4476 га дейін жеткізу жоспарда бар.

 

Мал шаруашылығы.

Ағымдағы жылдың 9 айында  мал саны 2024 жылмен салыстырғанда: Ірі қара мал саны  61 715 бас, қой мен ешкі малы 90 124 бас,  жылқы малы 17 089 бас, шошқа 714 бас, түйе 33 бас және үй құстары саны 96 531 басты  құрап отыр.

 Өндірілген ет көлемі – 4 641,4 тонна (107,1%), сауылған сиыр сүті – 23 697,0 тонна (103,1 %), жұмыртқа – 9 011,5 мың дананы (103,2%) құрады.

Ауданда 3 400 бас ірі қара малына арналған 6 мал бордақылау (Үржар-1, Алтыншоқы-3, Науалы-1, Көлденең-1) алаңдары жұмыс атқаруда. 3 мал сою пункттері (Үржар-2, Қарақол-1), 2 мал сою алаңдары (Науалы, Ақжар) халыққа қызмет көрсетуде.

Инвесторлардың жеке қаражаты есебінен биылғы жылы қосымша 2 - мал сою алаңының (Жоғарғы Егінсу-1, Елтай-1) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымызда асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен 20 қожалық айналысады, олардағы асыл тұқымды ірі қара мал саны 2 378 бас немесе жалпы аналық мал басының 3,7% құрайды. Асыл тұқымды қой шаруашылығымен 11 шаруа қожалық айналысады, олардағы асыл тұқымды қойдың саны 3 773 бас немесе жалпы аналық қойдың 4,3% құрайды.  

Аудан көлемінде ара шаруашылығымен 80-нен астам шаруашылық, оның ішінде 12 асыл тұқымды ара шаруашылықтары шұғылданады. Олардағы 8 377 дана ара ұяларынан орта есеппен жылына 400 тонна бал өндірілуде. Ауданда өндірілген бал өнімдері ауданнан тыс Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалаларында және ауыл шаруашылық жәрмеңкелерде саудаланады.

Үржар ауданының ауыл шаруашылығын дамыту бағыттары.

      Үржар ауданы экономикасының негізгі саласы – ауыл шарушылығы болғандықтан, ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көздерін және жұмыс орындарын ашу мақсатында ауданда басымдық берілген 4 негізгі бағыт айқындалып, тиісті шаралар атқарылуда. Олар:

  1. Құс шаруашылығын дамыту. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында шағын несие алу арқылы құс шаруашылығын дамытуға бағытталған 7 жобаны іске асыру көзделген. Қазіргі таңда құс шаруашылығын ашу бойынша 1 жоба Егінсу ауылдық округіне қарасты «Айтөре» ш/қ басшысы Ділмұрат Қанат бүгінгі таңда құны 800 мың теңгеге 500 бас қаздар сатып алып, кәсібін дөңгелетуде.   
  2. Балық шаруашылығын дамыту. Аудан аумағында құны 155,0 млн.теңге болатын 4 балық шаруашылығын құру жоспарланып, бүгінгі күні Шолпан ауылдық округінде «Береке» жеке кәсіпкер Бекзат Баймухаметовтың басшылығымен 16 гектар аумақтың 2 га су қоймасын дайындап, «Ақ Амур» және «Карп» балық түрлерін өсіріп 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар Жаңа тілек ауылдық округіне қарасты  «Үржар-Бақ» шаруа қожалық басшысы Балқаш Бақытбек Еренғайыпұлы, Барқытбел ауылдық округінде «Рауан» ШҚ басшысы Аманкулов Еркін, Көкөзек ауылында «AgisAgro» ЖШС директоры Сергей Покатилов балық шаруашылығын ашу жоспарда бар.
  3. Жылыжай салу. Жылыжай құрылысы бағытында 7 ауылда (Үржар, Шолпан, Бестерек, Елтай, Алтыншоқы, Науалы, Көкөзек) жалпы құны 64,0 млн.теңгені құрайтын 9 жобаны іске асыру жоспарланған.

    Биылғы жылы Елтай ауылдық округіне қарасты ЖК «Тұрлыбеков» «Бақ» мекен жылыжайы іске қосылды. Жылыжайдың жалпы құны 17 млн. теңге барлығы 770 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар аталған шаруашылық 2026 жылы қызанақ отырғызуға көлемі 300 шаршы метр болатын 2 жылыжайдың құрылысы жоспарлануда.

  1. Алма бақтарын дамыту. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, бүгінгі күні аудан тұрғындары тозығы жеткен 66 га алма бағын қалпына келтіруді және жаңадан 41 га алма бағын отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта 8 ауыл бойынша 11 әлеуетті жоба анықталған. Аталған жобаларды іске асыру және аймақта алма бақтарын өсіруді қолдау мақсатында бұл саланы облыстағы басым дақылдар қатарына енгізіп, оны субсидиялау мәселесін қарастыру сұралады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 сентября 2023
Дата обновления
11 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
Сайлау
15 сентября 2026
Үржар ауданының Науалы және Егінсу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы - 27 қыркүйек 2026ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы