Қоғамдық-саяси жағдай:
Ауданда ұйымдастырылған идеологиялық, мәдени-көпшілік іс-шаралар мемлекет саясатын түсіндіруге, қоғамдық-саяси жағдайды нығайтуға және одан әрі дамытуға, ынтымақ пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған.
2025 жылы Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы мен басқа да мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру мақсатында ауданның 16 ауылдық округінде ақпараттық топ мүшелерімен 35-ден астам іс-шара өткізілді. Бұл іс-шаралармен 9- мыңнан астам адам қамтылды.
Жастар саясаты:
Үржар ауданы Үржар ауылы бойынша 12 428 жас оның 7501 ер 4927 айел бар. 16-35 жас аралығындағы аудан жастарын маусымдық жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламаның «Жасыл ел» жобасы бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. 2025 жылы Үржар аудандық «Жасыл ел» жасағы 3 маусым бойына қызмет етіп, жалпы саны 68 сарбаз аудан көркіне ат салысты.
Үржар аудандық жастар ресурстық орталығы аталмыш санаттағы жастармен спорттық, ағартушылық, мәдени, волонтерлік бағыттарда жұмыстар атқарып, Instagram, Facebook, Tik tok, You tube парақшаларында жарияланады.
*«Energy ap» спорттық іс шара.
*«Жылулық сыйла» қайырылымдылық іс шарасы.
* «Заң және тәртіп» Stop sale акциясы.
* «Күлкі сыйла» қайырылымдылық іс шарасы
* «Qazquiz» мәдени шарасы
* «Қысқы қамқорлық» әлеуметтік жоба
Жастар арасында Мемлекет басшысының бастамаларын насихаттау мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда:
1.Президенттік кадрлық резерв туралы жастардың ақпара арттыру мақсатында кездесулер, түсіндіру сағаттары және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық посттар жарияланды
2.«Адал азамат» концепциясын насихаттау шеңберінде жастар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік қағидаттарын дәріптейтін тренингтер, дөңгелек үстелдер мен пікірталас алаңдары өткізілді;
3.Республикалық мерекелер мен атаулы даталар (25 қазан — Республика күні, 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні, Таза Қазақстан экологиялық акциясы 1 наурыз — Алғыс айту күні, т.б.) қарсаңында патриоттық бағыттағы іс-шаралар, челлендждер мен флешмобтар ұйымдастырылды;
Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға бағытталған бейнероликтер мен ақпараттық материалдар тұрақты түрде жарияланып, жастардың белсенді қатысуы қамтамасыз етілді.Жалпы алғанда, 2025 жылдың ішінде жастар арасында Мемлекет басшысының бастамаларын дәріптеу бойынша 25 ке жуық іс-шара өткізіліп, 534 жас қамтылды.
Діни ахуал:
Ауданда 24 ислам мешіті, 1 православие шіркеуі жұмыс істейді және олар жергілікті атқарушы билікпен тығыз байланыста. 2025 жылы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы 110 іс-шара өткізіп, 4977 адамды қамтыды. Қазіргі уақытта діни ахуал тұрақты.