2025 жылдың 1 қазанға аудан бюджетінің
орындалуы туралы ақпарат
01.10.2025 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 5 707 756,6 мың теңге болса кассалық орындалуы 5 852 301,8 мың теңге, немесе 102,5 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 478 947,1 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 626 512,2 мың теңге, немесе 110 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 2 204 345,0 мың теңге, орындалуы 2 348 890,2 мың теңге, немесе 144 545,2 мың теңгеге артық орындалып, 106,6 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 380 728,7 мың теңге болса, кассалық орындалуы 520 277,8 мың теңге, немесе 136,7 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 5 890 796,0 мың теңге игерілген қаржы 5 847 164,5 мың теңгені немесе 99,3 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 478 947,1 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 478 305,1 мың теңге, немесе 100 %. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 1 411 355,0 мың теңге болса, игерілгені 1 333 598,0 мың теңге немесе 94,5 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 1 397 700,5 мың теңге болса, игерілгені 1 396 953,9 мың теңге немесе 99,9 пайызды құраса, ЖБ жоспары 3 322 380,5 мың теңге болса, касса 3 299 943,0 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,3 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 100 916,9 мың теңгені құрады, оның ішінде 57 014,0 мың теңге бюджетт3к кредиттер түспеуіне байланысты игерілмеген сома.