
Түсіндірме жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Әдеп жөніндегі Уәкіл М.Бапинова Үржар ауданының сәулет, құрылысы, қала құрылысы бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді, мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты жалпы шектеулер, құмар ойындарға бәс тігу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы, ұжымда жағымды моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру туралы, сонымен қатар «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерлету форматында түсіндірме жүргізілді. Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.