
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген
қызметшілермен түсіндірме жұмыстары
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылдың 4 тоқсанына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Әдеп жөніндегі Уәкіл М.Бапиновамен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген Елтай ауылдық округі , Үржар ауданының ішкі саясат және мәдениет бөлімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандаттарын сақтау, лудомания, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері, мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы және жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді .
Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.