Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен  жыныстық қудалауды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыс

Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен  жыныстық қудалауды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыс

 

 

 Әдеп жөніндегі Уәкілдің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес  Үржар аудандық кітапханасында Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдарында басшылық лауазымды атқарып отырған қызметкерлердің қатысуымен  мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен  жыныстық қудалауды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыс өткізілді. Психолог маманы мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын тарта отыра әйелдерге қатысты кемсітушіліктің алдын алу бағытында ақпараттар берілді.

        Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексімен көзделген қағидат бойынша   мемлекеттік қызметшілердің өз әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттілігі атап өтілді.

      Қатысушылар пікір алмасып, шараларды өткізу туралы бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Дата публикации
26 декабря 2025