Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің
2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 және 75 баптарының 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №31-615/VIII «Үржар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –387 118,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 340 667,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 46 451,0 мың теңге;
2) шығындар – 387 118,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет (профициті) тапшылығы – 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 0,0 мың теңге.
|
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы |
|
А.Омаров |