ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 21 желтоқсан күні Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы, Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ақжар ауылдық сайлау округі
Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1325 азамат енгізілді, олардың 961-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Елекенов Қ.Ж – 79; Мейірманов А.С– 168; Щуцкий В.В– 714.
Ақжар ауылдық округінің әкімі болып Щуцкий Виктор Васильевич сайланды, 1966 жылы туған, «Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкімнің орынбасары, Ақжар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 22 желтоқсанындағы шешіммен Үржар ауданының Ақжар ауылдық округінің әкімі болып сайланған – Щуцкий Виктор Васильевич тіркелді.