"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 12 қарашада Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 21 желтоқсанға Абай облысы, Үржар ауданы, Ақжар округ әкімінің сайлауын тағайындады.
2025 жылдың 13 қарашадан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 26 қарашадағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.
3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 25 қарашада сағат 18:00-де аяқталды.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы