Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер телімін алу кезегіне eGov.kz порталы арқылы электронды түрде тұруға болады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматы 10 сотық көлемінде жер телімін тегін алу құқығына ие.
Өз кезегіңіздің қозғалысын онлайн түрде eGov.kz порталында сол бөлімнен немесе www.map.gov4c.kz/egkn/
сайтында ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіп, қадағалауға болады.