Үржар ауданы бойынша 2025 жылғы қазан айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысы туралы есепке талдамалық анықтама

  1. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат:

2025 жылғы қазан айында Үржар ауданы бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілмеді.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеу нәтижелері туралы ақпарат:

2025 жылғы қазан айында Үржар ауданы бойынша барлығы 356 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

Мемлекеттік органдардың канцеляриясы арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген қызметтер – 0;

Мемлекеттік органдармен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілген, веб-портал «электрондық үкімет» және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер – 0%;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 67 қызмет (18,8%);

Электрондық форматта – 325 қызмет (91,2%), оның ішінде:

ПЭП арқылы – 142 (43,6%);

Е-лицензиялау арқылы – 145 (44,6%);

Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз көрсетілген қызметтер – 5 (1,5%);

Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне өтінімді тікелей енгізу арқылы көрсетілген электрондық қызметтер – 33 (10,1%).

33 (отыз үш) қызмет көрсетуден бас тарту тіркелді:

Еңбекші иммигранттарға рұқсат беру және ұзарту – 2;

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау – 11;

Құрылысты және реконструкциялауды жобалау кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 5;

Эскизді келісу – 14.

Барлығы 2 түсіндіру іс-шарасы жүргізілді.

Дата публикации
21 ноября 2025