Үржар ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 21 желтоқсанға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 21 желтоқсанға тағайындалған Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Уақыт тынысы-Пульс времени» газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрағасы Е.Каримов
Сайлау
комиссиясының хатшысы А.Габбасова
Үржар ауылы
2025 жыл 12 қараша
№ 14