Үржар ауданы әкімдігінің __________2023 жылғы №___қаулысына қосымша
«Абай облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
- «Абай облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - Бөлім) стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті атқару, бухгалтерлік, бюджеттік есепті және аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.
- Бөлімінің ведомстволары жоқ.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 122, индекс 071700.
- Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- Бөлімнің мақсаттары:
1) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқару,
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру,
3) аудандық бюджетті орындауын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік сатып алу мен аудандық коммуналдық меншікті тиімді басқару және жүзеге асыру.
- Өкілеттіктері:
- Құқықтар:
1) Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi суратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
3) заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;
4) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;
6) бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
- Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;
2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;
3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.
- Бөлім функциялары:
- Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыру;
- Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және сөзсіз орындау;
- облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму стратегиясын iске асыру, экономикалық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, оны iске асырудың технологиясы мен тетіктерін жетiлдiру;
- аудан әкімінің қатысуымен шешілетін маңызды мәселелерді анықтай отырып, атқарушы билік органдарының жұмысына жүйелі және объективті талдау жүргізу;
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелерін талдау, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерді зерделеу, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
- ресми құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымына талдау жасау;
- аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кірістердің жиынтық жоспарын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;
- бюджеттен қайтаруды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларды есепке алуды және бюджетке салықтық емес түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттердің өтелу сомасының түсімдерін бақылауды жүзеге асыру;
- қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай сайынғы бөлінуін, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау арқылы бюджет қаражатының игерілуіне мониторингті жүзеге асырады;
- тиісті мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына аудан бюджетінің атқарылуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамының жобасын әзірлеуге қатысады;
- Облыстың дамыту бағдарламасындағы ауданның мақсатты индикаторларының орындалуына мониторинг жүргізеді;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізеді;
- тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын әзірлейді және бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізеді;
- тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджеті туралы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы әзірлейді;
- аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады;
- аудандық бюджеттік бағдарламалар және ауылдық округтер бюджеттері шығыстарының лимиттерін, жоспарлы кезеңге жаңа бастамалардың лимиттерін айқындау және оларды әкімшілерге жеткізу;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған ауданның өңірлік қаржы жоспарын әзірлейді;
- заңнамалық актілерге сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асырады, оны қорғау шараларын қолданады;
- өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
- аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
- аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
- ауданның жергiлiктi атқарушы органы құратын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;
- мемлекеттік сатып алудың аудандық бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде аудандағы мемлекеттік мекемелердің тапсырысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды заңға сәйкес ұйымдастырады;
- тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді;
- мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды орналастырады;
- заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арыздар дайындайды;
- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүргізеді – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
- ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды;
- әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандардың міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді және проблемалық қарыз алушылар бойынша сот органдарына хабарламалар мен тиісті материалдарды дайындайды;
- осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында оларға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі,өкілеттілігі
- Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгі:
1) Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;
4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;
7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлім атынан өкілдік етеді;
8) Бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ол үшін жеке жауапкершілікте болады;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4 - тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
- Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
- Бөлімге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
- Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім басшысы Н.Чакинов