
Маңызды жаңалық!
«Халық заңгері» республикалық акциясы шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.
Акция 2025 жылдың 31 қазан күні сағат 17-00 ден бастап өткізіледі. Өткізілу орны: Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы, 128 (Мәдениет үйінің ғимараты).
Мемлекеттік органдар, ауданның заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.