Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 21-419/VIII «Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27  желтоқсандағы               № 21-419/VIII «Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің

2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №21-419/VIII «Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

        көрсетілген шешіммен бекітілген  кіріспе  жаңа редакцияда жазылсын:   

       «Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінің 89, 91 баптарына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №24-463/VIII «Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24  желтоқсанындағы №21-401/VIII «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған  бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы» шешіміне  сәйкес, Үржар аудандық  мәслихаты  ШЕШТІ:»;

  1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің  2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 44 988,0  мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 193,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 37 795,0 мың теңге;

2) шығындар – 48 888,0 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;

        қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

 5) бюджет (профициті) тапшылығы – - 3 900,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 900,0 мың теңге, соның ішінде:

          қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын бос қалдықтары – 3 900,0 мың теңге.»;

          аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Үржар аудандық

         мәслихатының төрағасы                                  А.Омаров

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2025