Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген 1 қосымшада:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын,, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 10 (оң) пайыз мөлшерінде айқындалады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тоқсанына бір рет «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгіне алады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе электрондық үкіметтің веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».