«Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-401/VIII «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 21-401/VIII «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ :

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған  бюджеті туралы» 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 21-401/VIII  шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 89, 91 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына  сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ :

тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 726 937,9 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 446 877,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –33 297,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 42 400,0 мың теңге;

трансферттер түсімі –  5 204 363,9 мың теңге;

2) шығындар – 7 978 945,2  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 50 212,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер –86 504,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 36 292,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет  тапшылығы  (профициті) –  - 302 219,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 302 219,3 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 86 504,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 36 292,0 мың теңге;

бюджет каражатының пайдаланылатын қалдықтары – 252 007,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнін 1 және 4 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 косымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
08 октября 2025