«Үржар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының салық кодексі» Кодексінің 726 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Үржар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- Үржар ауданында, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, есепті салық кезеңіне салық төлеушінің салықты дербес қолдануы арқылы оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу ставкасы 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
- Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №13-243/VIII «Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 237-18 болып тіркелген) және 2024 жылғы 25 қарашадағы №20-384/VIII «Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 378-18 болып тіркелген) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.