«Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 БЕКІТЕМІН

Үржар ауданы әкімінің

аппараты басшысының м.а.

­­­­­­­М. Шокабаев

 

_________________

(талдау объектісі

басшысының қолы)

__.__.2025 ж.

 

 

«Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.                

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімшілік орган, лауазымды тұлға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті. Бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.

ӘРПК-нің 74-бабы 6-тармағына сәйкес, әкімшілік рәсімге қатысушы және әкімшілік іске қатысатын өзге де тұлға тыңдаудың хаттамасымен танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оған қатысты өз ескертулерін ұсынуға құқылы.

Осылайша, әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға ӘРПК-нің 73-бабы 1-тармағында көзделген құқықты пайдалана алмайды, өйткені әкімшілік актіні қабылдаудан үш жұмыс күні бұрын тыңдау өткізілген жағдайда, бұл ӘРПК-нің 75-бабы 1-тармағында көзделген талаптардың бұзылуына әкеп соғады.

Жою бойынша ұсыныстар:   ӘРПК-нің 73-бабы 1-тармағына өзгеріс енгізу ұсынылады, онда «әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздерді «әкімшілік акт қабылданғанға дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстыру ұсынылады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі-НҚА) өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Д.Амирбаева

2025 ж.

2.                

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы дәл осы тәртіппен көрсетілуі тиіс.

Аталған норма, яғни Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабы 5-тармағы мемлекеттік тілде келесі мазмұнда берілген: «Нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде мынадай кезектілікпен осы нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы көрсетіледі».

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының

2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 19-тармағына сәйкес, қазақ тілінде нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нысаны дәл осы тәртіппен көрсетіледі.

Орыс тілінде нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде мынадай кезектілікпен: оның нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы көрсетіледі.

Осылайша, заң мен заңға тәуелді акт арасында коллизия туындайды: заңның мемлекеттік тілдегі редакциясында нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның нысанын, қабылданған күнін, тіркеу нөмірін және тақырыбын көрсету тәртібі қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес келмейді.

Жою бойынша ұсыныстар:   Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабы 5-тармағы мен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 19-тармағында белгіленген нормаларды өзара сәйкестендіру ұсынылады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Д.Амирбаева

2025 ж.

3.                

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі   №234 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерді айқындау критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, адамдар көп жиналатын, террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына келесі критерийлерге сәйкес келетін объектілер жатады: мәдениет ұйымдарының объектілері (театрлар; концерт залдары; цирктер; кітапханалар;

мәдени-демалыс ұйымдары; кинематографиялық ұйымдар (негізгі қызмет түрі кинозалда фильм көрсету болып табылатын); мұражайлар; көркем галереялар (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары); мәдениет саласында қызмет атқаратын өзге де ұйымдар), бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан да көп адамды қабылдауға арналған (сыйымдылығы бар) объектілер.  

Бұл ретте ескертпеде, егер объектілердің құқық белгілейтін құжаттарында сыйымдылық көрсеткіші болмаған жағдайда, мұнда және бұдан әрі адамдардың объектіде болуының мүмкін санын есептеу объектінің есептік алаңының 1,5 м² бір адамға шаққандағы көлемі негізінде (қызметтік үй-жайларды қоспағанда) жүзеге асырылатыны нақты көрсетілген.

Алайда, заңға тәуелді актінің мемлекеттік тілдегі редакциясында бұл нақтылау мен ескертпе көрсетілмеген.

Жою бойынша ұсыныстар:   Критерийлердің 5-тармағының 3) тармақшасын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі редакцияларында өзара біріздендіріп, сәйкестікке келтіру ұсынылады

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Д.Амирбаева

2025 ж.

4.                

Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы           №1324 қаулысына (жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерін бекітуге байланысты кейбір мәселелер туралы) 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Оған сәйкес, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының штат саны осы әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына байланысты айқындалады.

Бұл жағдайда дискрециялық өкілеттіктер қарастырылған: халық саны бірдей болған кезде, лауазымды тұлғалар өз еркімен әкім аппаратының штаттық санын белгілей алады.

Мысалы, «А» ауылдық округінде халық саны 20 мың адам болса, ал «Б» ауылдық округінде – 10 мың адам. Алайда заңнамалық тұрғыда лауазымды тұлғаларға екі ауылдық округ әкімдері аппаратында да штаттық санды                         15 бірлік етіп белгілеуге мүмкіндік берілген, бұл өз кезегінде «Б» ауылдық округі әкімінің аппаратына артықшылық беруге алып келеді.

Жою бойынша ұсыныстар:   Қазақстан Республикасы Үкіметінің               2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 қаулысына (жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерін бекітуге байланысты кейбір мәселелер туралы) 1-қосымшаны келесі мазмұндағы ескертпемен толықтыру ұсынылады: «Штаттық санды айқындау халық санының пайыздық арақатынасына сәйкес пропорционалды түрде жүзеге асырылады».

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Д.Амирбаева

2025 ж.

5.                

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 128-бабының 2-тармағына сәйкес, қамқоршының қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, ал қорғаншының – ондай рұқсатсыз келісім беруіне құқығы жоқ: қамқорлықтағы адамның мүлкін иеліктен шығару, соның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелер жасауға; оның атынан кепілдік шарттарын жасасуға; мүлкін жалға (жалға беру), өтеусіз пайдалануға немесе кепілге беруге; заң немесе өсиет бойынша мұрагерліктен бас тартуға, мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөліп шығаруға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, сондай-ақ қамқорлықтағы адамның мүлкін азайтатын өзге де кез келген мәмілелер жасауға (бұдан әрі – қамқорлықтағы адамның мүлкін иеленуге қатысты мәмілелер). Қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган аталған мәмілелер нәтижесінде қамқоршы алған қаражаттың қандай мақсатта жұмсалуы тиіс екенін айқындайды.

Осылайша, аталған нормада дискрециялық өкілеттіктер көзделген, яғни заң қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлықтағы адамның мүлкін иеленуге қатысты мәмілелерді жасауға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді өз қалауы бойынша қабылдау құқығын береді.

Жою бойынша ұсыныстар:   қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган үшін қамқорлықтағы адамның мүлкін иеленуге қатысты мәмілелерді жасауға рұқсат беру тәртібі мен шарттарын заңнамалық түрде айқындау ұсынылады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Д.Амирбаева

2025 ж.

6.                

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасыз, тапсырыс беруші (меншік иесі) республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарымен келісу арқылы қосымша жер учаскесін алып қоюды (учаске аумағын кеңейтуді) талап етпейтін, қайта құрудан кейін екі қабаттан аспайтын биіктікте болатын жеке тұрғын үйлерді қайта жаңартуды (бұдан әрі – қайта жаңарту) жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 35-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алу үшін, өтініш беруші қызмет көрсетушіге (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына) техникалық жобаның электрондық көшірмесі қоса тіркелген өтініш жолдайды. Яғни, Қағидаларға сәйкес, эскиз (эскиздік жоба) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесіне кірмейді (демек, қызмет алушыдан эскизді (эскиздік жобаны) талап ету заңсыз болып табылады).

Өз кезегінде, Заңның 1-бабының 40) тармақшасына, сондай-ақ Қағидалардың 18 және 20-тармақшаларына сәйкес, эскиз (эскиздік жоба) пен техникалық жоба – құжаттаманың әртүрлі түрлері болып табылады.

Анықтама үшін: эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлау, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструктивтік, инженерлік, декоративтік немесе өзге де) шешімнің сызба, чертеж, бастапқы нобай (сурет) түрінде орындалып, бұл шешімнің идеясын түсіндіретін жеңілдетілген түрі.

Техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) үй-жайларын (жеке бөліктерін) қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жоба алдындағы құжаттаманың бір түрі.

Осылайша, Заңның 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, реконструкцияны жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асыру тек эскиз (эскиздік жоба) негізінде ғана рұқсат етіледі. Аталған нормада реконструкцияны техникалық жоба негізінде, жобалық құжаттамасыз жүргізу мүмкіндігі көзделмеген.

Осыған байланысты, қызмет көрсетуші Қағидаларда эскизді (эскиздік жобаны) ұсыну көзделмегеніне қарамастан, оны ұсынбағаны үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін болатын құқықтық коллизия туындайды.

Жою бойынша ұсыныстар:   Заңның 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасын реконструкцияны эскиз (эскиздік жоба) не техникалық жоба негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормамен толықтыру ұсынылады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Д.Амирбаева

2025 ж.

7.                

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына

сәйкес, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының

бірі меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке еңбегі мен жетістіктерін тану, оның қабілеттері мен кәсіптік

даярлығына сәйкес

мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілеуі болып табылады. Бұл қағидат құзыреттілікке сәйкес қызметте жоғарылауға мүмкіндік береді. Алайда, меритократия қағидатын іске асыру тәртібі Заңмен анықталмаған, бұл басшыға осы қағиданы басшылыққа алу немесе басшылыққа алмау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Белгілі бір салада үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті қызметкерлердің олардың еңбегі танылатынына және қызмет бабында ілгерілеу үшін негіз болатынына кепілдік жоқ.             Бұл жағдай жұмыс нәтижелеріне, немқұрайлылыққа, процестерді жақсартуға, жаңа идеяларды енгізуге қызығушылық танытпауға теріс әсер етеді, сонымен қатар қоғамның билікке деген сенімсіздігін тудырады.

Тәуекел: кандидаттың еңбегі мен біліктілігін есепке алмай, қызметкерлерді жерлестік, туыстық, жеке адалдық белгілері бойынша немесе жоғары тұрған лауазымды адамдардың Жарлығы бойынша іріктеу және орналастыру.

Жою бойынша ұсыныстар:   : уәкілетті органға осы норманы жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы

М.Бапинова

2025 ж.

8.                

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (одан әрі -заң) 36-бабына сәйкес  аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі айқындалған,оған сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері:

1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

2) өзін ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;

3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.

 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылданады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті әкімінің өкілеттігін тоқтатады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  61-бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес  Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтату негіздері белгіленген, оған сәйкес  5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуы деп аталған. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабымен  Әкім сайлауды тағайындау реттелген:

Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

1) әкімнің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуы;

2) заңда белгіленген жағдайларда, әкім өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).

Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.

Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алпыс күн бұрын тағайындайды. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекаралары өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және тағайындалған күнінен бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі үшін – елу күн ішінде, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі үшін қырық күн ішінде өткізіледі.

Тәуекел:  осы ретте, 4 жылға сайланған әкімінің өкілеттілігі  мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оның құқықтарын шектеу болып табылады , сонымен қатар аудан әкімі сайланған ауыл әкіміне қатысты ешқандай акт қабылдамайды (жұмысқа қабылдау), алайда  аудан әкімі ағымдағы заңнама бойынша ауыл әкімінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға міндеттелген.

Жою бойынша ұсыныстар:  Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс» деген мәтінінен   кемінде деген сөз алынып тасталып, сайлаудың 10 күн қалғанда өтуі және жаңадан сайланған әкімнің  қызметке кірісу күні ауыл әкімінің 4 жылдық сайлау мерзімі өткеннен кейін ғана басталуы қажет деп пайымдалады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы

М.Бапинова

2025 ж.

9.                

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» қағидаларының 72-тармағына сәйкес Уәкілетті адам Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күннен бастап жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешiмдердің бірін қабылдайды:

1)   тиiстi тәртіптік жазаны қолданады;

2) тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде қосымша қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi;

3) тәртіптік жазаны қолданбайды.

Тәуекел: осы ретте,тәртіптік жаза қолдануға  негіз болмаған жағдайда уәкілетті адам қандай шешім қабылдауға құқылы екендігі туралы норма қарастырылмаған. Бұл өз кезегінде уәкілетті тұлғаға өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметшінің құқығын бұзуға жол береді деп пайымдалады.

Жою бойынша ұсыныстар: Ереженің 70-1-тармағы келесідей мазмұнда толықтырылсын: тәртіптік теріс қылық жасағанын растайтын фактілер болмаған кезде Комиссия уәкілетті тұлғаға мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатудың орындылығы туралы ұсынымдар шығарады. Уәкілетті тұлғаның бұйрықтарын, өкімдерін шығару жолымен тәртіптік іс жүргізу тоқтатылуы.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы

М.Бапинова

2025 ж.

10.           

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығының 2-тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейіне қойылатын талаптар.

Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелерінің, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ротациялануға жататын басқармалар басшыларының орынбасарлары лауазымдары үшін олардың осы салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс өтілі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

Бұл ретте олардың ротацияланатын орынбасарларына, егер олардың осы салада кемінде он жыл практикалық жұмыс өтілі болса, тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі талап етілмейді.

Тәуекел: Бұл норма ротацияға жататын басшылық лауазымдарды атқармайтын басқа тұлғалардың құқықтарын бұзады деп саналады. Мысалы, сектор меңгерушісі лауазымы босатылса, осы салада 15 жыл жұмыс өтілі бар адам бұл лауазымды атқара алмайды, іс жүзінде, әдетте, қарапайым мамандар менеджерлерге қарағанда практикалық тәжірибеге ие.

Жою бойынша ұсыныстар: Мәтіннен «ротацияға жатады» деген сөздер алып тасталынуы.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы

М.Бапинова

2025 ж.

11.           

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабымен орталық мемлекеттік органдар аппараттары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктерін реттелген.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң)» 29-1-бап. Заңда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті белгіленеді.

38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімінің аппараты аппарат құру және аппарат басшысын тағайындау тәртібін реттейді.

5-1. Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудан әкімі аппаратының құзыреті

38-1-баптың 5-тармағы. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы норма белгіленген.

5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып табылады.

Тәуекел: Жоғарыда айтылғандарға сәйкес  аудан аппараты басшысының құзыретін реттейтін норма жоқ екендігін  айтуға болады. Тәжірибеге сүйенсек  оның өкілеттіктерін анықтауда әртүрлі тәжірибе қалыптасқан, бұл өз кезегінде дискрецияны қалыптастырады .

Жою туралы ұсыныстар: Заңның 29-1-бабы аудан әкімі аппараты басшысының құзыретімен толықтырылуы.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы

М.Бапинова

2025 ж.

12.           

          «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен мемлекеттік қызметке қабылдаудың шарттары реттелген:

1. Мемлекеттiк қызметке бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, жеке және кәсiптiк қасиеттерi, денсаулық жағдайы, бiлiм деңгейi бойынша оларға жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындауға қабiлеттi, Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлік жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Ауылдық округтердің әкімдері қызметке «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланады. Оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін денсаулық жағдайына сәйкестігіне ешқандай тексерулер (нарколог, психиатр және т.б.) жүргізілмейді, өйткені бұл қолданыстағы заңнамамен реттелмеген.

Тәуекел: Мемлекеттік қызметке денсаулығы нашар адамдардың (маскүнемдер, нашақорлар, психикалық аурулары) кіру мүмкіндігі бар.

Жою бойынша ұсыныстар:   Аумақтық сайлау учаскелеріне тапсырылатын құжаттардың тізіміне белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы қосу.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсынысты НҚА-лерді әзірлеуші органға жолдау

НҚА-лерді әзірлеуші органға жолданған ұсыныс

Үржар ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы

М.Бапинова

2025 ж.

13.           

           Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын жүргізу тәртібі бойынша қиындықтар заңдылықта көрсетілген қағидаларға қарама-қайшылық туғызады.

Субъект «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ға жолданымды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлер мен ұсыныстарды уақтылы тіркеуді, есепке алу карточкаларына енгізілетін мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығының 3-тарау «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ны жүргізу тәртібінде көрсетілген Есепке алу карточкалары деректемелік құрамына сәйкес толтырылуы және редакциялау барысында «E-otinish» ақпараттық жүйесіне «suraktar.kz» порталы арқылы келіп түсетін электрондық жолданымдарға ТЖ-1, З-1 нысандарына түзетулер мен толықтырулар жасау мүмкін емес. АТЖ автоматтандырылған болғандықтан Электрондық жолданымдарды есепке алу барысында деректемелерге қандай да бір өзгеріс енгізу үшін жүйе кедергісі болмауы қажет. № 1-ТӨ есеп мәліметтерінің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында субъектілер уәкілетті органмен бірлесіп ай сайын «Электрондық жолданымдар» АТЖ-дан алынған ТЖ-1, З-1 нысандары бойынша комитетке жинақ есептілікті тапсырады. Аталған Есептілік тапсыру барысында өзекті мәселелер бойынша заң нормаларын бұзатын қателіктер анықталады.

Жою бойынша ұсыныстар:   Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығының 3-тарау «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ны жүргізу тәртібінде заңдылықта көрсетілген қағидалардына сәйкес, қолданыстағы ақпараттық талдау жүесінің өзекті мәселесі мен қолжетімділігін арттыру қажет. 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Ақпараттық жүйені (бұдан әрі – АЖ) жетілдіру бойынша ұсынысты АЖ-ге жауапты (әзірлеуші) уәкілетті органға жолдау

АЖ-ге жауапты (әзірлеуші) уәкілетті органға жолданған ұсыныс

 

Үржар ауданы әкімі аппаратының Жалпы бөлімінің басшысы

А.Базарбаева

2025 ж.

 

 

Үржар ауданының әкімі аппаратының

Заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық

бөлім басшысының                                                                                  О.Жумадилов  

Дата публикации
07 августа 2025