2025 жылы 30 шілде күні Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері» тақырыбында жергілікті атқарушы орган мамандары мен «Amanat партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысының Үржар аудандық филиалында дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстел ауылдық жерлердегі әкімдерді сайлаудың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар мен пікірлерді алмасу мақсатында ұйымдастырылды.