«Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері

 Үржар ауылы                                                                                     28.07.2025 ж.

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

Үржар ауданы әкімінің аппараты басшысының 2023 жылғы 2 маусымдағы        №32 бұйрығына сәйкес Үржар ауданы әкімі аппаратының (бұдан әрі – талдау нысаны) қызметіне ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау (бұдан әрі – ІСЖТ) жүргізілді.

ІСЖТ 2025 жылғы 6 қаңтар мен 30 маусым аралығындағы кезеңді қамтыды.

ІСЖТ жүргізу мерзімі: бүйрық шыққан күннен бастап 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде.

ІСЖТ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес жүргізілді.

ІСЖТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)      талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Анықтама үшін: Үлгілік қағидалардың 13-тармағына сәйкес, талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне мыналар жатады: 1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау; 2) мүдделер қақтығысын реттеу; 3) мемлекеттік қызметтер көрсету; 4) рұқсат беру функцияларын іске асыру; 5) бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру; 6) бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу; 7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу; 8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану; 9) талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

2) талдау нысанының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Анықтама үшін: Үлгілік қағидалардың 12-тармағына сәйкес, құрылымдық бөлімше қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталады.

 

  1. Талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

СИПАТТАМАЛЫҚ БӨЛІМ:

  1. Персоналды басқару.

2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Үржар ауданы әкімі аппаратының штат саны - 169 бірлікті құрайды, нақты саны – 159 (оның ішінде 10 бос лауазым бар).

Үржар ауданы әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілері әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған «Б» корпусы бойынша конкурсты өткізу Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдары мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында орталықтандырылған түрде аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Осы бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижелері мынадай қорытындыны көрсетті:

1) лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі, конкурстық іріктеудің формалды түрде өткізілуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін тұлғалардың жұмысқа қабылдануы, үміткерлер үшін тең емес жағдайлардың жасалуы сияқты фактілер анықталған жоқ;

Анықтама үшін: Әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған «Б» корпусы бойынша конкурс өткізу тәртібі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы     21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен реттеледі.

2) конкурстық іріктеусіз лауазымға тағайындау – жалпы саны 2, оның ішінде 1-еуі – аудан әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына, 1-еуі – өңірлік жастар кадрлық резерві құрамынан тағайындалған.

3) қызметкерлерді конкурстық іріктеусіз жоғары лауазымға көтеру, басқа лауазымдарға ауыстыру – жалпы саны 2.

Анықтама үшін: Конкурстық іріктеусіз ауыстыру тәртібі «Б» корпусының бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын конкурсты өткізбей ауыстыру қағидаларымен реттеледі (Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы).

4) конкурс өткізу туралы ақпараттың (біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізімі) жарияланбауы, уақтылы және/немесе толық жарияланбауы сияқты фактілер анықталған жоқ;

4.1) іріктеудің түрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпараттың жарияланбауы, уақтылы және/немесе толық жарияланбауы сияқты фактілер анықталған жоқ;

5) қызметкерлерді тәртіптік жаза күшінде бола тұра көтермелеу фактілері анықталған жоқ;

6) қызметкерлерді жұмысының нәтижесіне қарамастан, талдау нысанының лауазымды тұлғаларының қалауы бойынша көтермелеу фактілері анықталған жоқ;

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерін мерекелеу қарсаңында талдау нысанының барлық қызметкерлері ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ҚР органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйақылар, материалдық көмек көрсету және үстемақылар белгілеу, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларына сәйкес тең мөлшерде ақшалай түрде көтермеленеді.

7) тәртіптік жазаларды шамадан тыс қысқа мерзімде алып тастау фактілері анықталған жоқ;

Анықтама үшін: 2025 жылы бір тәртіптік жаза екі ай өткеннен кейін алынды;

8) тәртіптік жазалардың мерзімінен бұрын жиі алынып тасталуының жоғары үлес салмағы – фактілер анықталған жоқ;

Анықтама үшін: Талдау кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке 4 қызметкер тартылып, оның ішінде 1 тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 82-тармағына сәйкес, егер әкімшілік мемлекеттік қызметші жаңа құқықбұзушылық жасамаса және өзiн адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өтпей тұрып алынуы мүмкін).

9) заңнаманы, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзған не шектеген және басқа да заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға тәртіптік шара қолданбау фактілері анықталған жоқ.

«Персоналды басқару» мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысы жағдайлары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы фактілері анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Талдау нысаны мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Талдау нысанында рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.

5) Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру.

Талдау нысанында бақылау-ревизиялық функциялар іске асырылмайды.

6) Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу.

Осы бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижелері мынадай қорытындыны көрсетті:

  • бюджеттік және қаржылық қаражатты жұмсаудың ашық болмауы, оның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9) тармақшасының талаптарын сақтамау фактілері анықталған жоқ;
  • сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен көлемінің нақты қажеттілікке (табиғи нормаларға) сәйкес келмеуі – фактілер анықталған жоқ;

3) тауар бірлігі бағасының негізсіздігі – фактілер анықталған жоқ;

         4) жоспарланған құнның тауарлардың нарықтық құнына сәйкес келмеуі – фактілер анықталған жоқ;

5) мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жоспарының уақтылы орналастырылмауы – фактілер анықталған жоқ;

         6) жеткізу шарты талаптарын тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты әрекет ету шараларын уақтылы және толық қабылдау – фактілер анықталған жоқ;

«Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу» мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Ұсынымдар жоқ.

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Осы бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижелері мынадай қорытындыны көрсетті:

1) шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда санкциялар қолданбау – фактілер анықталған жоқ;

         2) шарттық міндеттемелерді бұзған жеткізушіге қатысты талап-арызды уақтылы бермеу – фактілер анықталған жоқ;

3) жеткізуші шарттық міндеттемелерді бұзған жағдайда негізсіз түрде наразылықтардан немесе сот талқылауларынан бас тарту – фактілер анықталған жоқ.

«Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу» мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Ұсынымдар жоқ.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Талдау нысанында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану жүзеге асырылмайды.

9) Талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

 

  1. Талдау нысанының қызметіне қатысты

нормативтік құқықтық актілердегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Осы бағыттағы жұмыстың толықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында талдау нысанының қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың тізбесі қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасының Заңдары (Кодекстері) және заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер, жеке қолданылатын құқықтық актілер:

1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

         2) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

3) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы;

         4) Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

         5) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері туралы».

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 қаулысы «Жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерін бекітуге байланысты кейбір мәселелер туралы»;

         7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі         №234 қаулысымен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілерді айқындау қағидалары».

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі         №234 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерді айқындау критерийлері;

         9) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары.

10)    Үржар ауданының әкімі аппаратының ережесі.

 

Талдау нысанының қызметіне қатысты құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау талдауы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Құқықтық олқылық;

         2) Құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың нормаларының қайшылығы;

         3) Құқықтық-лингвистикалық анық еместік;

         4) Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі;

         5) Лауазымды тұлғалардың міндеті орнына құқықтың орнатылуы;

6) Жекеге тиесілі құқықты жүзеге асыру үшін тұлғаға қойылатын артық талаптар;

         7) Қосымша әкімшілік кедергілердің болуы;

         8) Міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті дұрыс анықталмауы.

 

Осы бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде келесі қорытынды шықты:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімшілік орган, лауазымды тұлға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті. Бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарлануға тиіс.

ӘРПК-нің 74-бабы 6-тармағына сәйкес, әкімшілік рәсімге қатысушы және әкімшілік іске қатысатын өзге де тұлға тыңдаудың хаттамасымен танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оған қатысты өз ескертулерін ұсынуға құқылы.

Осылайша, әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға ӘРПК-нің 73-бабы 1-тармағында көзделген құқықты пайдалана алмайды, өйткені әкімшілік актіні қабылдаудан үш жұмыс күні бұрын тыңдау өткізілген жағдайда, бұл ӘРПК-нің 75-бабы 1-тармағында көзделген талаптардың бұзылуына әкеп соғады.

Жою бойынша ұсыныстар:   ӘРПК-нің 73-бабы 1-тармағына өзгеріс енгізу ұсынылады, онда «әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздерді «әкімшілік акт қабылданғанға дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстыру ұсынылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы дәл осы тәртіппен көрсетілуі тиіс.

Аталған норма, яғни Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабы 5-тармағы мемлекеттік тілде келесі мазмұнда берілген: «Нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде мынадай кезектілікпен осы нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы көрсетіледі».

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының

2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 19-тармағына сәйкес, қазақ тілінде нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нысаны дәл осы тәртіппен көрсетіледі.

Орыс тілінде нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде мынадай кезектілікпен: оның нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және атауы көрсетіледі.

Осылайша, заң мен заңға тәуелді акт арасында коллизия туындайды: заңның мемлекеттік тілдегі редакциясында нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның нысанын, қабылданған күнін, тіркеу нөмірін және тақырыбын көрсету тәртібі қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес келмейді.

Жою бойынша ұсыныстар:   Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25-бабы 5-тармағы мен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 19-тармағында белгіленген нормаларды өзара сәйкестендіру ұсынылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі   №234 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерді айқындау критерийлерінің (бұдан әрі – Критерийлер) 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, адамдар көп жиналатын, террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына келесі критерийлерге сәйкес келетін объектілер жатады: мәдениет ұйымдарының объектілері (театрлар; концерт залдары; цирктер; кітапханалар; мәдени-демалыс ұйымдары; кинематографиялық ұйымдар (негізгі қызмет түрі кинозалда фильм көрсету болып табылатын); мұражайлар; көркем галереялар (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары); мәдениет саласында қызмет атқаратын өзге де ұйымдар), бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан да көп адамды қабылдауға арналған (сыйымдылығы бар) объектілер.  

Бұл ретте ескертпеде, егер объектілердің құқық белгілейтін құжаттарында сыйымдылық көрсеткіші болмаған жағдайда, мұнда және бұдан әрі адамдардың объектіде болуының мүмкін санын есептеу объектінің есептік алаңының 1,5 м² бір адамға шаққандағы көлемі негізінде (қызметтік үй-жайларды қоспағанда) жүзеге асырылатыны нақты көрсетілген.

Алайда, заңға тәуелді актінің мемлекеттік тілдегі редакциясында бұл нақтылау мен ескертпе көрсетілмеген.

Жою бойынша ұсыныстар:   Критерийлердің 5-тармағының 3) тармақшасын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі редакцияларында өзара біріздендіріп, сәйкестікке келтіру ұсынылады

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Ауылдық округтер әкімдері аппараттарының штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы           №1324 қаулысына (жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерін бекітуге байланысты кейбір мәселелер туралы) 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Оған сәйкес, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының штат саны осы әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына байланысты айқындалады және келесі кесте түрінде көрсетіледі.

 

Әкімшілік-аумақтық бірліктің халық саны (мың адам)

Әкімдер аппараттарының штат саны (бірлік)

Соның ішінде әкімдердің орынбасарлары (бірлік)

Кент, ауыл, ауылдық округ

 

 

1,5-ке дейін

3-5

 

1,5-тен 3-ке дейін

5-7

 

3-тен 5-ке дейін

7-8

 

5-тен 10-ға дейін

8-10

1

10-нан 20-ға дейін

10-15

1

20-дан 40-қа дейін

15-18

2

40-тан артық

18-20

2

 

Бұл жағдайда дискрециялық өкілеттіктер қарастырылған: халық саны бірдей болған кезде, лауазымды тұлғалар өз еркімен әкім аппаратының штаттық санын белгілей алады.

Мысалы, «А» ауылдық округінде халық саны 20 мың адам болса, ал «Б» ауылдық округінде – 10 мың адам. Алайда заңнамалық тұрғыда лауазымды тұлғаларға екі ауылдық округ әкімдері аппаратында да штаттық санды                         15 бірлік етіп белгілеуге мүмкіндік берілген, бұл өз кезегінде «Б» ауылдық округі әкімінің аппаратына артықшылық беруге алып келеді.

Жою бойынша ұсыныстар:   Қазақстан Республикасы Үкіметінің               2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 қаулысына (жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерін бекітуге байланысты кейбір мәселелер туралы) 1-қосымшаны келесі мазмұндағы ескертпемен толықтыру ұсынылады: «Штаттық санды айқындау халық санының пайыздық арақатынасына сәйкес пропорционалды түрде жүзеге асырылады».

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 128-бабының 2-тармағына сәйкес, қамқоршының қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, ал қорғаншының – ондай рұқсатсыз келісім беруіне құқығы жоқ: қамқорлықтағы адамның мүлкін иеліктен шығару, соның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту жөніндегі мәмілелер жасауға; оның атынан кепілдік шарттарын жасасуға; мүлкін жалға (жалға беру), өтеусіз пайдалануға немесе кепілге беруге; заң немесе өсиет бойынша мұрагерліктен бас тартуға, мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөліп шығаруға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, сондай-ақ қамқорлықтағы адамның мүлкін азайтатын өзге де кез келген мәмілелер жасауға (бұдан әрі – қамқорлықтағы адамның мүлкін иеленуге қатысты мәмілелер). Қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган аталған мәмілелер нәтижесінде қамқоршы алған қаражаттың қандай мақсатта жұмсалуы тиіс екенін айқындайды.

Осылайша, аталған нормада дискрециялық өкілеттіктер көзделген, яғни заң қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлықтағы адамның мүлкін иеленуге қатысты мәмілелерді жасауға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді өз қалауы бойынша қабылдау құқығын береді.

Жою бойынша ұсыныстар:   қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган үшін қамқорлықтағы адамның мүлкін иеленуге қатысты мәмілелерді жасауға рұқсат беру тәртібі мен шарттарын заңнамалық түрде айқындау ұсынылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасыз, тапсырыс беруші (меншік иесі) республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарымен келісу арқылы қосымша жер учаскесін алып қоюды (учаске аумағын кеңейтуді) талап етпейтін, қайта құрудан кейін екі қабаттан аспайтын биіктікте болатын жеке тұрғын үйлерді қайта жаңартуды (бұдан әрі – қайта жаңарту) жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 35-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) алу үшін, өтініш беруші қызмет көрсетушіге (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына) техникалық жобаның электрондық көшірмесі қоса тіркелген өтініш жолдайды. Яғни, Қағидаларға сәйкес, эскиз (эскиздік жоба) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесіне кірмейді (демек, қызмет алушыдан эскизді (эскиздік жобаны) талап ету заңсыз болып табылады).

Өз кезегінде, Заңның 1-бабының 40) тармақшасына, сондай-ақ Қағидалардың 18 және 20-тармақшаларына сәйкес, эскиз (эскиздік жоба) пен техникалық жоба – құжаттаманың әртүрлі түрлері болып табылады.

Анықтама үшін: эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлау, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструктивтік, инженерлік, декоративтік немесе өзге де) шешімнің сызба, чертеж, бастапқы нобай (сурет) түрінде орындалып, бұл шешімнің идеясын түсіндіретін жеңілдетілген түрі.

Техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) үй-жайларын (жеке бөліктерін) қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жоба алдындағы құжаттаманың бір түрі.

Осылайша, Заңның 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, реконструкцияны жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асыру тек эскиз (эскиздік жоба) негізінде ғана рұқсат етіледі. Аталған нормада реконструкцияны техникалық жоба негізінде, жобалық құжаттамасыз жүргізу мүмкіндігі көзделмеген.

Осыған байланысты, қызмет көрсетуші Қағидаларда эскизді (эскиздік жобаны) ұсыну көзделмегеніне қарамастан, оны ұсынбағаны үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін болатын құқықтық коллизия туындайды.

Жою бойынша ұсыныстар:   Заңның 60-бабы 2-тармағының 16) тармақшасын реконструкцияны эскиз (эскиздік жоба) не техникалық жоба негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормамен толықтыру ұсынылады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке еңбегі мен жетістіктерін тану, оның қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілеуі болып табылады. Бұл қағидат құзыреттілікке сәйкес қызметте жоғарылауға мүмкіндік береді. Алайда, меритократия қағидатын іске асыру тәртібі Заңмен анықталмаған, бұл басшыға осы қағиданы басшылыққа алу немесе басшылыққа алмау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Белгілі бір салада үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті қызметкерлердің олардың еңбегі танылатынына және қызмет бабында ілгерілеу үшін негіз болатынына кепілдік жоқ.       Бұл жағдай жұмыс нәтижелеріне, немқұрайлылыққа, процестерді жақсартуға, жаңа идеяларды енгізуге қызығушылық танытпауға теріс әсер етеді, сонымен қатар қоғамның билікке деген сенімсіздігін тудырады.

Тәуекел: кандидаттың еңбегі мен біліктілігін есепке алмай, қызметкерлерді жерлестік, туыстық, жеке адалдық белгілері бойынша немесе жоғары тұрған лауазымды адамдардың Жарлығы бойынша іріктеу және орналастыру.

Жою бойынша ұсыныстар:   : уәкілетті органға осы норманы жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (одан әрі -заң) 36-бабына сәйкес  аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлаудың, оның өкілеттіктерін тоқтатудың тәртібі айқындалған,оған сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері:

1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

2) өзін ұсынған саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату жағдайларын қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;

3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.

 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетілетін шешім қабылдайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылданады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті әкімінің өкілеттігін тоқтатады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  61-бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес  Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтату негіздері белгіленген, оған сәйкес  5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуы деп аталған. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабымен  Әкім сайлауды тағайындау реттелген:

Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

1) әкімнің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуы;

2) заңда белгіленген жағдайларда, әкім өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).

Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.

Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алпыс күн бұрын тағайындайды. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды. Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекаралары өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және тағайындалған күнінен бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі үшін – елу күн ішінде, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі үшін қырық күн ішінде өткізіледі.

Тәуекел:  осы ретте, 4 жылға сайланған әкімінің өкілеттілігі  мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оның құқықтарын шектеу болып табылады , сонымен қатар аудан әкімі сайланған ауыл әкіміне қатысты ешқандай акт қабылдамайды (жұмысқа қабылдау), алайда  аудан әкімі ағымдағы заңнама бойынша ауыл әкімінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуға міндеттелген.

Жою бойынша ұсыныстар:  Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс» деген мәтінінен   кемінде деген сөз алынып тасталып, сайлаудың 10 күн қалғанда өтуі және жаңадан сайланған әкімнің  қызметке кірісу күні ауыл әкімінің 4 жылдық сайлау мерзімі өткеннен кейін ғана басталуы қажет деп пайымдалады.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» қағидаларының 72-тармағына сәйкес Уәкілетті адам Комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күннен бастап жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешiмдердің бірін қабылдайды:

1)   тиiстi тәртіптік жазаны қолданады;

2) тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде қосымша қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi;

3) тәртіптік жазаны қолданбайды.

Тәуекел: осы ретте,тәртіптік жаза қолдануға  негіз болмаған жағдайда уәкілетті адам қандай шешім қабылдауға құқылы екендігі туралы норма қарастырылмаған. Бұл өз кезегінде уәкілетті тұлғаға өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік қызметшінің құқығын бұзуға жол береді деп пайымдалады.

Жою бойынша ұсыныстар: Ереженің 70-1-тармағы келесідей мазмұнда толықтырылсын: тәртіптік теріс қылық жасағанын растайтын фактілер болмаған кезде Комиссия уәкілетті тұлғаға мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатудың орындылығы туралы ұсынымдар шығарады. Уәкілетті тұлғаның бұйрықтарын, өкімдерін шығару жолымен тәртіптік іс жүргізу тоқтатылуы.

 

  1.    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығының 2-тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейіне қойылатын талаптар.

Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелерінің, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ротациялануға жататын басқармалар басшыларының орынбасарлары лауазымдары үшін олардың осы салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс өтілі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.

Бұл ретте олардың ротацияланатын орынбасарларына, егер олардың осы салада кемінде он жыл практикалық жұмыс өтілі болса, тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі талап етілмейді.

Тәуекел: Бұл норма ротацияға жататын басшылық лауазымдарды атқармайтын басқа тұлғалардың құқықтарын бұзады деп саналады. Мысалы, сектор меңгерушісі лауазымы босатылса, осы салада 15 жыл жұмыс өтілі бар адам бұл лауазымды атқара алмайды, іс жүзінде, әдетте, қарапайым мамандар менеджерлерге қарағанда практикалық тәжірибеге ие.

Жою бойынша ұсыныстар: Мәтіннен «ротацияға жатады» деген сөздер алып тасталынуы.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

         «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабымен орталық мемлекеттік органдар аппараттары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктерін реттелген.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң)» 29-1-бап. Заңда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті белгіленеді.

38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімінің аппараты аппарат құру және аппарат басшысын тағайындау тәртібін реттейді.

5-1. Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудан әкімі аппаратының құзыреті

38-1-баптың 5-тармағы. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы норма белгіленген.

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып табылады.

Тәуекел: Жоғарыда айтылғандарға сәйкес  аудан аппараты басшысының құзыретін реттейтін норма жоқ екендігін  айтуға болады. Тәжірибеге сүйенсек  оның өкілеттіктерін анықтауда әртүрлі тәжірибе қалыптасқан, бұл өз кезегінде дискрецияны қалыптастырады .

Жою туралы ұсыныстар: Заңның 29-1-бабы аудан әкімі аппараты басшысының құзыретімен толықтырылуы.

 

  1.    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

          «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен мемлекеттік қызметке қабылдаудың шарттары реттелген:

  1. Мемлекеттiк қызметке бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, жеке және кәсiптiк қасиеттерi, денсаулық жағдайы, бiлiм деңгейi бойынша оларға жүктелген лауазымдық мiндеттердi орындауға қабiлеттi, Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлік жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Ауылдық округтердің әкімдері қызметке «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланады. Оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін денсаулық жағдайына сәйкестігіне ешқандай тексерулер (нарколог, психиатр және т.б.) жүргізілмейді, өйткені бұл қолданыстағы заңнамамен реттелмеген.

Тәуекел: Мемлекеттік қызметке денсаулығы нашар адамдардың (маскүнемдер, нашақорлар, психикалық аурулары) кіру мүмкіндігі бар.

Жою бойынша ұсыныстар:   Аумақтық сайлау учаскелеріне тапсырылатын құжаттардың тізіміне белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы қосу.

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы :

            Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын жүргізу тәртібі бойынша қиындықтар заңдылықта көрсетілген қағидаларға қарама-қайшылық туғызады.

   Субъект "Электрондық жолданымдар" АТЖ-ға жолданымды, хабарламаларды, сұрау салуларды, пікірлер мен ұсыныстарды уақтылы тіркеуді, есепке алу карточкаларына енгізілетін мәліметтердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №4 бұйрығының 3-тарау «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ны жүргізу тәртібінде көрсетілген Есепке алу карточкалары деректемелік құрамына сәйкес толтырылуы және редакциялау барысында «E-otinish» ақпараттық жүйесіне «suraktar.kz» порталы арқылы келіп түсетін электрондық жолданымдарға ТЖ-1, З-1 нысандарына түзетулер мен толықтырулар жасау мүмкін емес. АТЖ автоматтандырылған болғандықтан Электрондық жолданымдарды есепке алу барысында деректемелерге қандай да бір өзгеріс енгізу үшін жүйе кедергісі болмауы қажет. № 1-ТӨ есеп мәліметтерінің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында субъектілер уәкілетті органмен бірлесіп ай сайын «Электрондық жолданымдар» АТЖ-дан алынған ТЖ-1, З-1 нысандары бойынша комитетке жинақ есептілікті тапсырады. Аталған Есептілік тапсыру барысында өзекті мәселелер бойынша заң нормаларын бұзатын қателіктер анықталады.

Жою бойынша ұсыныстар:   Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығының 3-тарау «Электрондық жолданымдар» АТЖ-ны жүргізу тәртібінде заңдылықта көрсетілген қағидалардына сәйкес, қолданыстағы ақпараттық талдау жүесінің өзекті мәселесі мен қолжетімділігін арттыру қажет. 

          Барлығы «Үржар ауданы әкімі аппараты» ММ-де 13 тәуекел анықталып, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде.

 

 

Үржар ауданы әкімі

аппаратының басшысы                                                                  А.Тулендин

 

Үржар ауданы әкімі аппаратында 

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі

талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:

 

Заңгерлік және мемлекеттік

құқықтық бөлімі басшысының м.а.                                         О.Жумадилов

 

Персоналды басқару қызметінің

басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл                                                      М.Бапинова

 

Жалпы бөлімінің басшысы                                                                   А.Базарбаева

 

Ұйымдастыру және мемлекеттік

қызметтерді мониторингтеу,

ақпараттық технологиялар бөлімі басшысы                                       М.Шоқабаев

Дата публикации
30 июля 2025