Жаңа тілек ауылдық округі
(аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ атауы)
Үржар ауданы Абай облысы
(аудан және облыс атауы)


Жалпы сипаттамасы
|
Бағдарлама атауы |
Абай облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округіндегі ауылдарды дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары |
|
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері |
Әлеуметтік-экономикалық даму жоспардың негізгі мақсаты - ауылдың экономикасын дамыту, инвестициялар тарту және шағын бизнесті, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуды арттыру арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі стратегиялық міндеттер қарастырылған: 1) ауыл шаруашылығын дамыту 2) инвестиция тарту ( демеушілік қаражат есебінен) 3) инфрақұрылымдық даму; 4) әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу; 5)ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру; 6)ауылдың халқының көші-қонын азайту,халық санын тұрақтандыру; 7) мемлекеттік бағдарламаларға қатысу аркылы жеке бизнесті дамыту |
|
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары |
- Ауылдық округі құрамына 2 елді мекен кіреді. Жаңа тілек ауылдық округі 1923 жылы құрылған, орталығы Жаңа тілек ауылы, Округтің аумағы және ауыл шаруашылығы жерлері жалпы – 73578 гектарды құрайды; - Халық саны 1517 адам; аула саны 481; -жергілікті қоғамдастық жиналысы 2021 жылы құрылған, оларға өкілеттік берілген мерзім 4 жыл; - жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелері - 7 адам. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабының 4 тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабын жүзеге асыру мақсатында жергілікті қоғамдастық өкілдерінің жиналысы өткізіліп отырады. Жергілікті қоғамдастық даму бағдарламасы онда тұратын халық пен тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге арналған. |
ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Жалпы ақпарат
Жаңа тілек ауылдық округі аудан орталығы Үржар ауылының оңтүстік-батысқа қарай 36 км қашықтықта, облыс орталығынан 498 шақырымда орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Жаңа тілек ауылдық округінде 2 елдімекен бар. Әкімшілік орталығы Жаңа тілек ауылы округ аумағында 1 амбулаториялық пункт 1 медициналық пункт жұмыс жасайды, 2- білім ордасы «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, «Тасарық негізгі мектеп» КММ жұмыс істеп тұр.
1 мешіт, 1 қатымхана 6 жеке кәсіпкерлік нысандар халыққа қызмет көрсетеді.
Халық саны –1517 адам. Халықтың этникалық құрамы: қазақтар – 1504 адам (0,99%), орыстар – 8 адам (0,5 %), басқа ұлттар – 5 адам (0,3%). Экономикалық белсенді халық саны- 862 адам. Жасы бойынша зейнеткерлер-106, мүгедектер–1,2,3 топ бойынша - 23, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар –5, көп балалы аналар –23, «Алтын Алқа»-9, «Күміс Алқа»-17, Атаулы әлеуметтік көмек алушылар -11, жұмыспен қамту бөлімінде 2024 жылы тіркелген жұмыссыздар саны –35.
Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округтің негізгі бағыты - ауыл шаруашылығы (егіншілік, мал аруашылығы) шағын кәсіпкерлік.
Округ бойынша шаруа қожалықтарының саны – 124, соның ішінде 96 шаруа қожалық егістік алқаптарымен, 3 мал шаруашылық бағытымен, , жеке кәсіпкерлер саны-25.
Жаңа тілек ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 73578 га. Ауыл шаруашылық саласында барлық жер көлемі 22187,4 га құрайды. Оның ішінде: Егістік 11295 га.,Суармалы жер 1610 га, шабындық жер 225,4 га, егістік жер 11295 га, жайылым жерлер 9057,09.
Егілген жер көлемінен өндірілген ауылшаруашылық дәнді дақылдардың көлемі 18 ц/га.
Жалпы аула саны – 481 үйге жетіп отыр, соның ішінде 68% - ға жуық отбасы өз көкөністері мен жемістерін егеді және 151 аула үй шаруашылығындағы жануарларды өсіреді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауыл шаруашылығы малдарының саны 2025 жылдың 1 қаңтарына ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарында жалпы мал басының саны келесідей: ірі қара малы ( 1887 бас) 100%, ұсақ мал(2400)89%, жылқы (615) 81%, құстар (5111)82% жұмыртқа 664,1 мың дана (92%) пайызды құрап отыр.
2024жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылық өнімінің өндірілген көлемі ет –260,2тн (95%), сүт -870,8тн.(89%) құрады.
Округ бойынша отарлардың, табындардың келесідей түрлері қалыптастырылған:
- елді мекеннің жанында ірі қара малдың (сауын сиыр) 1 табыны;
- елді мекеннің жанында ұсақ қара малдың (қой-ешкі) 3 отары;
- жайылым учаскесінде ірі қара малдың (төлдер, бойдақ) 2 табыны;
- жайылым учаскесіндегі ұсақ қара малдың 2 отары;
- жайылым учаскесіндегі жылқылардың 1 табыны.
Жаңа тілек ауылдық округінің экономикалық дамуына тежеуші факторлар:
-Аграрлық өндірістік кешендерге мамандар тарту- кәсіби мектептер және жұмысшылардың еңбектерін көтермелеу факторы.
-Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жетіспеушілігі- еңбекақының төменділігі, тұрмыстық қолайлы жағдайлардың жасалмауы, елді мекеннің облыс орталығынан шалғайда орналасуы кадрлардың құйылуына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, жастардың ауыл шаруашылық саласына жұмысқа баруға теріс фактор болып табылады.
-Көкөністер мен дәнді дақылдарды, мал шарушашылығы өнімдерін өндірудегі тежеуші фактор бағаның тұрақсыздығы, өнімді сататын орындардың алыстығы кірістің төменділігіне әкеліп отыр.
-Несиелендіру күрделілігі салдарынан төмен бағалау, кепілге (қабылдауға кепілге ниет білдірмеу) беру арқылы ауылдық жерлерде банктік институттарының бірігіп жұмыс істеуден бас тарту.
SWOT-талдау
|
Әлді жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
Ауылдық округ сапалы өнімдер өндіреді. Округтегі қолайлы табиғат жағдайлары (егістік, жайылымдық, шабындық) . Әр тараптандырылған ауыл шаруашылығы жүргізу мүмкін (көкөніс пен дәнді дақылдар бағытындағы өсімдік шаруашылығы). Экологиялық таза өнім. Ауыл шаруашылығының барлық бағытындағы басымдықтар. Қол еңбек күшінің арзандығы. Инфро құрылымның жеткілікті деңгейі. Аудан орталығына жақын орналасқандығы. |
Өткізетін арналардың аздығы. Кәсіби мамандардың жетіспеушілігі. Шикізатты сатудағы жоғарғы шығындар. Шикізатты сатудың, құрал жабдықтарды жеткізудің логистикасының болмауы, өңделмеген өнімді өткізуге кедергі келтіреді. Өнімді өткізуде өндірушілер қауымдастықтарының болмауы; Несиелендіру бойынша екінші деңгейлі банк талабына сай кепілдеменің (жылжымайтың мүліктің) төмен бағалануы. Шағын кәсіпкерлік жеткіліксіз дамыған, әртараптандырылмаған ( қызмет көрсету саласы сервис төмендігі). Облыс және ірі қалалардан қашықтық. |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіптер |
|
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылшаруашылық техникаларын жаңарту. Ауылшаруашылығын, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған бағдарламаларының болуы. |
Ауыл-шаруашылығы инфраструктурасын қаржыландырудың жетіспеушілігі. Аграрлық өндірістік кешеннің мамандарының жетіспеушілігі. |
Кәсіпкерлік
Жұмыс істеп тұрған округ бойынша шаруа қожалықтарының саны – 124, соның ішінде 96 шаруа қожалық егістік алқаптарымен, 3 мал шаруашылық бағытында, жеке кәсіпкерлік нысандар саны-25.
жеке мал табынын бағу- 3 адам және 6 дүкен, олар бірінші кезекте қажетті тауарларды сатумен айналысады. Сауда дүкендері халық тұтынатын азық-түлік тоуарларымен, тұрмыстық заттармен халықтың сұранысын толық қанағаттандырады.
Инфрақұрылым
Жаңа тілек ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық деңгейде және өткір, қиын мәселелері туындап отырған жоқ. Ауылдық деңгейде әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымдары толық қанағаттанарлық деңгейде дамыған.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен ауыл аумағында абаттандыру, соның ішінде жолдарды қысқы және жазғы ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Қысқы жол мәселесі бойынша Республикалық жолдан Жаңа тілек, Тасарық ауылына дейінгі 3,0 км жолды және ауыл ішіндегі көшелерді «Қоңырбай» шаруа қожалығы қардан уақытылы тазалап тұрды.
- Почта және байланыс саласы бойынша аудан орталығынан аптасына 4 рет газет-журналдар жеткізіледі және белгіленген кестеге сәйкес зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақылар уақытымен алушыларға беріліп отырады.
- Электрмен қамсыздандыру бойынша күрделі мәселер жоқ. Электр энергиясымен жарық беруді «ОЭСК» АҚ қамтамасыз етеді. Тұрғын үйлер 100% электрмен жарықтандырылған. Ауылдық округ бойынша екі ауылда 24 көше бар, сол көшелдің 11 көшесі жарықтандырылған, барлық көшелердің жарықтануы 45 %-ды құрайды.
- Жаңа тілек және Тасарық ауылдарында телефон желісіне арналған сандық станция бар. «ТЕЛЕ-2» байланыс желісі, «Биллайн» байланыс желісі орнатылған. «4G» интернет желісі ауылды толық қамтуда. Интернет жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, орнатылған жерсеріктік телевизиясы OTAU-TV бар. Арнайы талшықты оптикалық интернет желісі тартылған , ұялы байланыс желісінің жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда.
- Көлік қатынасының қолжетімділігі, Жаңа тілек және Тасарық ауылдары «Бахты-Таскескен» республикалық маңызы бар күре жолдың бойында орналасқан. Ауыл тұрғындарының аудан, облыс орталықтарына қатынасуына қолайлы.
- Сумен жабдықтау: орталықтандырылған ауыз су жүйесі 2007 жылы жасалынды. Жаңа тілек ауылдық округінде Жаңа тілек және Тасарық ауылдары таза ауыз сумен қамтамассыз етілген.
Білім беру
Жаңа тілек ауылдық округінде 2024-2025 оқу жылында Әуезов атындағы орта мектебіндегі 1-11 сыныптағы оқушылар саны - 163, мектепалды даярлық тобында - 19 бала, мектеп-балабақша – жоқ, 2 толық күнді шағын орталықта -21/23, мұғалімдер саны -31, тәрбиешілер-4 қызметкер 38.
Тасарық негізгі мектебіндегі 2024-2025 оқу жылында 1-9 сыныптағы оқушылар саны - 36, мектепалды даярлық тобында - 5 бала, мектеп-балабақшад жоқ, толық мерзімді шағын орталықта -7 бала мұғалімдер саны – 15, тәрбиешілер- 1 қызметкер.
Екі мектеп жылу беру маусымында «Жылыту қазандығы» арқылы жылытылады.
Денсаулық сақтау
Жаңа тілек ауылдық округі бойынша екі елді мекенде Амбулаториялық пункт, медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп отыр. Денсаулық сақтау саласы бойынша округте орта буынды медицина қызметкерлері 5 адам жұмыс жасайды, жұқпалы індет ауруларының алдын алу шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп отырады.
Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары флюра аппаратынан өтуде, қан қысымы, бронх демікпесі, асқазан жарасы ауруы бар адамдар тегін дәрі дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырады.
Жұмыспен қамту
Ауылдық округте жұмыссыздық деңгейі төмен, 2024 жылы ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 35 адам. Ауылдық округте барлығы экономикалық белсенділер саны –862 адам, соның ішінде жеке кәсіпкерлер 25 , шаруа қожалық басшылары – 124 адам, әр түрлі мамандықтары бойынша қызметтегі қызметшілер саны – 573 адам және өзін – өзі жұмыспен қамтып табыс тауып отырған адам саны – 862 адам. Ауылдық округ тұрғындарының 10% - ға жуығы облыс және аудан орталықтарында жұмыс істейді. Ауылдық округте жұмысқа орналастыру жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша, сондай-ақ жұмыссыздарға жұмыс іздеуде және жаңа мамандық алуда бюджет қаражаты есебінен қолдау көрсететін ауданның «МАНСАП» орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция инспекторы бекітілген.
Әкімшілік 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Ауылдағы қоғамдық-саяси жағдай
Ауылдағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты және болжамды, саяси жағдайдың тұрақсыздану белгілері байқалмаған. Өңірде қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа байланысты қоғамдық көңіл-күй тыныш, наразылық акциялары тіркелмеген. Округ әкімі аппаратымен діни ахуалға үнемі мониторинг жүргізіледі. Діни ахуал тұрақты, мешіттің жылу жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Округ аумағында 1 жергілікті полиция бекеті бар. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында кеңес-отырыстар өткізіледі. Мектептің педагогикалық ұжымымен бірге тәрбиесі қиын балалардың отбасыларына үнемі тексеру жүргізіліп тұрады.
Ауылдық округ бюджеті
2025 жылға Жаңа тілек ауылдық округі детальдық жоспар бойынша жоспарланған қаржы – 189 702,0 мың теңге, штат кестесі бойынша 4 бірлік маман, 4 бірлік техникалық персонал жұмыс жасайды.
Түсімдердің жоспары – 10 990,0 мың теңге, оның ішінде: - Жеке табыс салығы – 2 688,0 мың теңге -Мүлік салығы – 294,0 мың теңге -Жер салығы - 72,0 мың теңге -Жеке тұлғалардан түсетін автокөлік салығы - 3 058,0 мың теңге -Біріңғай жер салығы – 4 794,0 мың теңге
Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер – 178 712,0 мың теңге Бюджет қаражатының бос қалдықтары 5 991,0
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Ауыл шаруашылығының және жалпы ауылдық округ экономикасының одан әрі дамуын шектейтін факторлар мыналар болып табылады:
* ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасының төмендігі
* кепілдің болмауына байланысты қаржыландыруға (кредиттерге) қол жеткізу проблемалары;
*білікті мамандардың (агрономдар, гидротехниктер, ветеринарлар) жетіспеушілігі;
* төмен жалақы жастарды ауыл шаруашылығы саласына тартпайтын фактор;
*ауыл шаруашылығы тұтыну және жабдықтау-өткізу кооперативтерінің болмауы;
* жеке қосалқы шаруашылықтардың әлсіз материалдық-техникалық базасы;
* инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;
* жер иелену мәселелері;
Ауылдық округ экономикасын дамыту перспективалары:
* етті бағыттағы мал шаруашылығы;
* мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
* бағбандықты дамыту және бағбандық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыру;
*сақтау инфрақұрылымын, атап айтқанда көкөніс қоймасын ұйымдастыру, бұл өнімді жыл бойы сатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағаны ұстап тұруға, өнімді жоспарлауға ықпал етеді;
*ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қауымдастығын ұйымдастыру;
* өсімдік шаруашылығы: көкөніс-бақша дақылдары;
* жем-шөп өндірісін ұйымдастыру;
* шағын бизнес кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлерді ұлғайту;
* аграрлық өндірістік кешендерге мамандар тарту, кәсіби мектептер және жұмысшылардың еңбектерін көтермелеу;
* ҚР басқа облыстарының нарықтарына шығуға жәрдемдесу.
III.ӘЛЕУМЕТТІКӨЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шара атауы |
Аяқтау нысаны |
Қаржыландыру көлемі (млн.тенге) |
Іске асыру мерзімдері |
Қаржыландыру көзі |
||||
|
2025 г |
2026 г |
2027 г |
2028 г |
2029 г |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
I. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН |
|||||||||
|
1 |
Ауылшаруашы-лық машиналары паркін жаңарту және техникалар сатып алу |
2025-2029 жж |
1 325,0 |
245,0 |
255,0 |
265,0 |
275,0 |
285,0 |
Облыстық қаражат есебінен |
|
2 |
Балық шаруашылығын дамыту |
2029 жыл |
20,0 |
|
|
|
|
20,0 |
Жеке қаражатынан. |
|
3 |
Ірі қара мал бордақылау алаңын салу |
2027-2029жж |
20,5 |
|
|
6,0 |
4,5 |
10,0 |
Ауыл Аманаты |
|
4 |
Омарта шаруашылығы Бал өңдеу |
2028-2029 |
10,0 |
|
|
|
5,0 |
5,0 |
Ауыл Аманаты
|
|
5 |
Жаңа тілек ауылында мал қорымының құрылысы |
2027жыл |
40,0 |
|
|
40,0 |
|
|
Аудандық бюджет есебінен
|
|
II. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ |
|||||||||
|
1 |
Мал сою алаңын салу. |
2027 жыл |
42,0 |
|
|
42,0 |
|
|
Жеке және несие қаражатынан. |
|
2 |
Қоғамдық монша салу |
2028 жыл |
25,0 |
|
|
|
25,0 |
|
Жеке қаражатынан |
|
3 |
Май сығу цехын салу |
2028 жыл |
15,0 |
|
|
|
15,0 |
|
Ауыл Аманаты |
|
III. Спорт және Мәдениет |
|||||||||
|
|
Жаңа тілек ауылынлағы әкімшілік ғимарат пен ауылдық клуб құрылысы |
2028-2029жж |
915,0 |
|
|
|
15,0 |
900 |
Аудандық бюджет есебінен
|
|
|
Жаңа тілек ауылында спорт модулінің құрылысы |
2028ж |
710,0 |
|
|
|
710,0 |
|
Облыстық бюджет есебінен
|
|
IV. "АБАТТАНДЫРУ" БАҒДАРДАМАСЫ БОЙЫНША |
|||||||||
|
1 |
Жаңа тілек ауылына мал егу орынын салу |
2025 жыл |
3,0 |
3,0 |
|
|
|
|
Аудандық бюджет есебінен
|
|
2 |
Тасарық аулына Шағын футбол алаңын салу |
2025 жыл |
15,7 |
15,7 |
|
|
|
|
Аудандық бюджет есебінен |
|
V. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ |
|||||||||
|
1 |
Жаңа тілек ауылының ішкі көшелеріне асфальт төсеу.
|
2025 жыл |
136,0 |
136,0 |
|
|
|
|
Аудандық бюджет есебінен
|
|
2 |
Округ бойынша жол белгілерін орнату кезінде арнайы стандарт пен ережелерге сәйкес орнату.
|
2025 жыл |
1,3 |
1,3 |
|
|
|
|
Аудандық бюджет есебінен
|
|
VI . БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ |
|||||||||
|
1 |
Тасарық негізгі метеп ғимаратының қазандығын ауыстыру |
2026 жыл |
3,0 |
|
3,0 |
|
|
|
Жергілікті бюджет есебінен |
|
2 |
Тасарық негізгі метеп ғимаратының қоршауын ауыстыру |
2027 жыл |
12,0 |
|
|
12,0 |
|
|
Жергілікті бюджет есебінен |
|
3 |
Жаңа тілек ауылындағы Әуезов атындағы орта мектеп ғимаратының жылу құбырларын жөндеу. |
2025 жыл |
7,7 |
|
7,7 |
|
|
|
Облыстық бюджет есебінен |
|
4 |
Тасарық НМ ғимаратының ағымды жөндеу жұмыстары |
2025жыл |
11,7 |
11,7 |
|
|
|
|
Облыстық бюджет есебінен |
|
|
Бюджет |
Жылдар |
Қаржыландыру көлемі |
2025 |
2026 |
2027 |
2028 |
2029 |
3312,9 |
|
|
Респуликалық бюджет есебінен |
2025-2029 жж |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Областық бюджет есебінен |
2025-2029 жж |
2054,4 |
264,4 |
255,0 |
265,0 |
985,0 |
285,0 |
|
|
|
Аудандық бюджет есебінен |
2025-2029 жж |
1 111,0 |
156,0 |
|
40,0 |
15,0 |
900 |
|
|
|
Ұлттық қор есебінен |
2025-2029 жж |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Несие бағдарламалары |
2025-2029 жж |
55,5 |
|
|
16,0 |
24,5 |
15,0 |
|
|
|
Жеке қаражат есебінен |
2025-2029 жж |
77,0 |
|
|
32,0 |
25,0 |
20,0 |
|
|
|
Демеушілік қаржы есебінен |
2025-2029 жж |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджет есебінен |
2026-2027 жж |
15 |
|
3 |
12 |
|
|
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
2025-2029 жж |
3 312,9 |
420,4 |
258,0 |
365,0 |
1049,5 |
1220,0 |
|
Келісілді:
Аудандық экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Н. Чакинов
Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы Е.Болатов
Жер қатынастары бөлімі басшысы Р.Исаев
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің м.а С.Адильжанов
Үржар ауданының тұрғын үй –комуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Еженхан
Аудандық құрылыс, сәулет және
қалақұрылысы бөлімнің басшысы С.Маусымбаев
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы Ж.Андасова
Білім бөлімінің басшысы Е.Шакеев